О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 августа 2017 года № 563 «Об утверждении Правил возмещения военнослужащим расходов на внутриреспубликанские перевозки собственного имущества на железнодорожном, автомобильном и внутреннем водном транспорте»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 августа 2017 года № 563 «Об утверждении Правил возмещения военнослужащим расходов на внутриреспубликанские перевозки собственного имущества на железнодорожном, автомобильном и внутреннем водном транспорте»
- Атауы (қаз.)
- «Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикашілік тасымалдауға шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 586
- Қабылданған күні
- 24.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2018 124853_357281.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017432
- ЭКБ идентификаторы
- 124853
- Редакция идентификаторы
- 124853_357281
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:26
0 «Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикашілік тасымалдауға шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы № 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикашілік тасымалдауға шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы
17 тамыздағы № 563 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15700 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидалары бекітілсін».
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға шығыстарды өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы
(Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 тамыздағы
№ 586 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 563 бұйрығымен бекітілген
Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидалары
1
1. Осы Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – әскери қызметшілер), курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу тәртібін айқындайды.
2 2. Ақша әскери қызметшілерге басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
3 3. Мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық әскери қызметшілерге өз мүлкін тасымалдағаны үшін ақша төлеуге негіз болып табылады:
1 1) баянат (өтініш);
2 2) әскери бөлім командирінің әскери қызметшінің кетуі (келуі) туралы бұйрығынан үзінді және нұсқаманың көшірмесі.
Өз мүлкін тасымалдағаны үшін ақша төлеу туралы бұйрықты әскери қызметші әскери қызмет өткеріп жатқан әскери бөлімнің командирі шығарады.
4 4. Төлем мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы: L – кету пунктінен белгіленген пунктке дейінгі автомобиль жолының километрмен есептегендегі қашықтығы;
20 км – тұрақты шама;
1 аек – тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері.