Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 августа 2017 года № 563 «Об утверждении Правил выплаты военнослужащим денег за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан»

Бұйрық · № 43 · қабылданған 22.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2017-no-563/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 августа 2017 года № 563 «Об утверждении Правил выплаты военнослужащим денег за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 43 ·22.01.2020
22.01.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 августа 2017 года № 563 «Об утверждении Правил выплаты военнослужащим денег за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 43 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 августа 2017 года № 563 «Об утверждении Правил выплаты военнослужащим денег за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
43
Қабылданған күні
22.01.2020
Көрсетілген редакция
22.01.2020 139123_441899.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000019936
ЭКБ идентификаторы
139123
Редакция идентификаторы
139123_441899
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:15

0 «Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы

№ 563 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы

17 тамыздағы № 563 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15700 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары бекітілсін.».
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 22 қаңтары
№ 43 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 563 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары

1

1. Осы Ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген және курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға (Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты, арнайы тексерістен бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестация қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкессіздігі бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда) қатысты да қолданылады.

2 2. Мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық әскери қызметшілерге өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеуге негіз болып табылады:

1 1) баянат;

2 2) мемлекеттік мекеме басшысының әскери қызметшінің кетуі (келуі) туралы бұйрығынан үзінді және нұсқаманың көшірмесі.

3 3. Мынадай құжаттарды ұсынғаннан кейін шығарылған бұйрық әскери қызметтен шығарылған адамдарға өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеуге негіз болып табылады:

1 1) өтініш;

2 2) қызметтен шығарылғаны туралы мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығынан үзінді;

3 3) әскери билеттің көшірмесі немесе әскери есепке қойылғаны туралы белгісі бар жергілікті әскери басқару органының анықтамасы.

4

4. Өз мүлкін тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеу туралы бұйрықты әскери қызметші әскери қызмет өткеріп жатқан, ал әскери қызметтен шығарылған адамдарға әскери қызметшінің кетуінен бұрын әскери қызмет өткерген мемлекеттік мекеменің басшысы шығарады. Бұйрықта тасымалдау бағыты, қашықтығы және төлемнің мөлшері көрсетіледі.

5 5. Төлем мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

мұндағы: L – кету пунктінен белгіленген пунктке дейінгі автомобиль жолының километрмен есептегендегі қашықтығы;
20 км – тұрақты шама;
1 аек – тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері.

6

6. Әскери қызметшілерге өз мүлкін Қазақстан Республикасының шегінде тасымалдағаны үшін мемлекет есебінен ақша төлеуді келесі қаржы жылының бірінші тоқсанында төленетін жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылған тасымалдауларды қоспағанда, қаржы жылының ішінде, ал әскери қызметтен шығарылған адамдарға әскери қызметтен кетуден бұрын ақшалай үлесте тұрған мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің
1994 жылдың 27 желтоқсандағы 178-бабының 1-тармағында белгіленген талап қоюдың жалпы мерзімі шегінде жүргізеді.

7 7. Өз мүлкін тасымалдау үшін көлік түрін және тасымалдаушыны әскери қызметшінің өзі немесе әскери қызметтен шығарылған адам айқындайды.

Қолданыстағы