О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 «О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 «О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 621
- Қабылданған күні
- 09.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2021 158430_537030.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000621
- ЭКБ идентификаторы
- 158430
- Редакция идентификаторы
- 158430_537030
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:50
0 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функциялары мынадай мазмұндағы 126-1) тармақшамен толықтырылсын:
«126-1) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін Мемлекеттік корпорацияға ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін әзірлеу;».