Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 «О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан»

Қаулы · № 1098 · қабылданған 23.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2017-no-71-ekb-204600/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 «О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 1098 ·23.12.2024
23.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 «О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 1098 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 «О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1098
Қабылданған күні
23.12.2024
Қолданысқа енгізілген күні
23.12.2024
Көрсетілген редакция
23.12.2024 204600_735673.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400001098
ЭКБ идентификаторы
204600
Редакция идентификаторы
204600_735673
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 07:36

0 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ережеде:
15-тармақта:
57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«57) айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруы болса, Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, баспана іздеп жүрген адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көмектің тізбесін және көлемін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 57-1), 57-2), 57-3), 57-4), 57-5), 57-6), 57-7) және 57-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«57-1) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көмектің тізбесін және көлемін айқындау;
57-2) адам саудасының алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
57-3) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды барынша азайту жөнінде ұсыныстар енгізуге қатысу;
57-4) адам саудасының құрбандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін жіберуге қатысу;
57-5) ішкі істер органдарын адам саудасына байланысты дайындалып жатқан не жасалған, белгілі болған қылмыс фактілері туралы хабардар ету;
57-6) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар ету;
57-7) адам саудасының құрбандарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну жөніндегі жұмысты үйлестіру;
57-8) басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы