О внесении изменений в постановление акимата Урджарского района от 17 марта 2017 года № 72 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Урджарского района области Абай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Урджарского района от 17 марта 2017 года № 72 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Урджарского района области Абай
- Атауы (қаз.)
- Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 369
- Қабылданған күні
- 30.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2023 189573_668752.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FI017518
- ЭКБ идентификаторы
- 189573
- Редакция идентификаторы
- 189573_668752
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:15
0 Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 72 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Абай облысы Үржар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5035 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Абай облысы Үржар ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
аталған қаулының қосымшасының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.».
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Үржар аудандық мәслихаты