Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 «О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы»

Қаулы · № 514 · қабылданған 04.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2017-no-755-ekb-157583/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 «О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы» Қолданыста Қаулы ·№ 514 ·04.08.2021
04.08.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 «О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы»

Қолданыста Қаулы ·№ 514 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 «О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
514
Қабылданған күні
04.08.2021
Көрсетілген редакция
04.08.2021 157583_533745.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000514
ЭКБ идентификаторы
157583
Редакция идентификаторы
157583_533745
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:17

0 «Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жіберуші мемлекеттік орган – мемлекеттік қызметшіні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жұмысқа іссапарға бару тәртібімен жіберетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыртқы саясат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы;
3) іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметші – Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға бару тәртібімен жұмысқа жіберілген мемлекеттік қызметші.»;
11-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелеріне іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшілер қызметінің, олардың тиімділіктің негізгі көрсеткіштері негізінде есептелетін қызмет нәтижелерін талдау, сондай-ақ олардың есеп беру тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша жіберуші мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен айқындалады.
Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінде мақсаттарға қол жеткізу индикаторы қамтылуға тиіс және олар іссапарға жіберілген мемлекеттік қызметшіні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне жіберген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей бекітілуге жатады.»;
12-1-тармақ алып тасталсын;
13-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жіберуші мемлекеттік орган уәкілетті органға осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тиісті талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік қызметшіні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберу туралы ұсыныспен негізделген хатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне іссапарға жіберу ұсынылатын кандидатқа қатысты мынадай құжаттарды ұсынады:»;
5) тармақша алып тасталсын;
14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уәкілетті орган он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құжаттарды тексеруді және дайындық деңгейі мен осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін іссапарға жіберілетін кандидатпен әңгімелесу жүргізеді.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы