О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 «О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2017 года № 755 «О некоторых вопросах прикомандирования государственных служащих и персонала дипломатической службы»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1035
- Қабылданған күні
- 20.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2022 177076_617209.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200001035
- ЭКБ идентификаторы
- 177076
- Редакция идентификаторы
- 177076_617209
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:56
0 «Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Мемлекеттік қызметшілердің және дипломатиялық қызмет персоналының іссапарға баруының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 755 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне іссапарға бару қағидаларында:
10-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген іссапарға баратын кандидаттарды қоспағанда, жіберуші мемлекеттік органда жұмыс істеген соңғы екі жылда қызметі «тиімді» және «өте жақсы» мәндерімен бағаланған мемлекеттік қызметші бара алады.
Әскери қызметші, құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері лауазымын атқаратын іссапарға баратын кандидат соңғы аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясының оң шешімі болған жағдайда іссапарға бара алады;».