О внесении изменения в решение Жалагашского районного маслихата от 17 мая 2017 года №11-4 “Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану”
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жалагашского районного маслихата от 17 мая 2017 года №11-4 “Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану”
- Атауы (қаз.)
- “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 мамырдағы №11-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28-2
- Қабылданған күні
- 11.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2021 124904_550283.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LF006439
- ЭКБ идентификаторы
- 124904
- Редакция идентификаторы
- 124904_550283
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:16
0 “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 мамырдағы №11-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
“Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Жалағаш аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. “Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 мамырдағы №11-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5868 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде, 2017 жылғы 13 маусымда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
“3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Жалағаш аудандық бөліміне өтінішпен жүгінеді және “Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 22-қосымшасымен бекітілген “Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.”.