Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 17 мая 2018 года № 191 «Об утверждении Правил формирования графика поставки нефти»

Бұйрық · № 254 · қабылданған 16.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2018-no-191/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 17 мая 2018 года № 191 «Об утверждении Правил формирования графика поставки нефти» Қолданыста Бұйрық ·№ 254 ·16.07.2024
16.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 17 мая 2018 года № 191 «Об утверждении Правил формирования графика поставки нефти»

Қолданыста Бұйрық ·№ 254 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 17 мая 2018 года № 191 «Об утверждении Правил формирования графика поставки нефти»
Атауы (қаз.)
«Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
254
Қабылданған күні
16.07.2024
Көрсетілген редакция
16.07.2024 198838_710618.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034751
ЭКБ идентификаторы
198838
Редакция идентификаторы
198838_710618
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:33

0 «Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 17072 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларында:
3-тармақ жаңа редакцияда жасылсын:
«3. Мұнай беру графигі (бұдан әрі – График) жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері (олар болған кезде), мұнайды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнімдерінің жоспарлары мен мұнай тасымалдаушы ұйымдардың техникалық мүмкіндіктері, жер қойнауын пайдаланушылардың жобалау құжаттарында көзделген мұнай өндіру көлемі негізінде әзірленеді.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жасылсын:
«7. Графиктерді қалыптастыру үшін жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есепті айдың алдындағы айдың бесіне дейін ай сайын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұнай беру өтінімін (бұдан әрі – өтінім) электронды түрде «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.
Жер қойнауын пайдаланушы өтінімді ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 3,4,5,6 және 13-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Графикке енгізуге жататын мұнай көлемін айқындайды.»;
көрсетілген қағидаларға қосымшада:
мұнай беруге өтінім нысанында:
реттік нөмірі 2.1.5-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
2.1.5.
Қазақстан Республикасынан шегінен тысқары жерлерде орналасқан басқа мұнай өңдеу зауыттары
».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қолданыстағы