Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2018 года № 211 и Министра энергетики Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 185 «Об утверждении Правил финансирования обучения казахстанских кадров недропользователями в течение периода добычи углеводородов и урана»

Бұйрық · № 234 · қабылданған 02.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2018-no-211-15-2018-no-185/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2018 года № 211 и Министра энергетики Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 185 «Об утверждении Правил финансирования обучения казахстанских кадров недропользователями в течение периода добычи углеводородов и урана» Қолданыста Бұйрық ·№ 234 ·02.07.2019
02.07.2019 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2018 года № 211 и Министра энергетики Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 185 «Об утверждении Правил финансирования обучения казахстанских кадров недропользователями в течение периода добычи углеводородов и урана»

Қолданыста Бұйрық ·№ 234 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в совместный приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2018 года № 211 и Министра энергетики Республики Казахстан от 15 мая 2018 года № 185 «Об утверждении Правил финансирования обучения казахстанских кадров недропользователями в течение периода добычи углеводородов и урана»
Атауы (қаз.)
«Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 185 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
234
Қабылданған күні
02.07.2019
Көрсетілген редакция
02.07.2019 137897_437711.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019452
ЭКБ идентификаторы
137897
Редакция идентификаторы
137897_437711
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:16

0

«Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы №185 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 211 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы №185 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17020 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері болып табылмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, оның ішінде орта білім беру ұйымдарының оқушыларын кәсіптік бағдарлауға;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жер қойнауын пайдаланушы Кодексте және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің мөлшері шеңберінде осы Қағидалардың 6-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген бағыттар бойынша қаржыландыру көлемдерін дербес айқындауды жүзеге асырады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жер қойнауын пайдаланушы Кодексте және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген міндеттемелер мөлшерінің 30 % (пайызына) дейін:
1) қазақстандық кадрларды, жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлері болып табылмайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының төменде көрсетілген санаттарын оқытуға:
1-ші, 2-ші және 3-ші топ мүгедектері;
жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жиырма бір жасқа толмаған, кәмелет жасына дейін ата-анасынан айырылған балалар;
көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасыларды оқытуға;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларын энергетика саласының мамандықтары бойынша кәсіптік бағдарлауға қаржыландыруды жүзеге асыруы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде игерілмеген қаражатты жіберу осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1, 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы