Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Мартукского района от 17 июля 2018 года № 252 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»

Қаулы · № 397 · қабылданған 27.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2018-no-252-ekb-137758/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Мартукского района от 17 июля 2018 года № 252 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность» Қолданыста Қаулы ·№ 397 ·27.12.2019
27.12.2019 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Мартукского района от 17 июля 2018 года № 252 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»

Қолданыста Қаулы ·№ 397 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Мартукского района от 17 июля 2018 года № 252 «Об утверждении Правил использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность»
Атауы (қаз.)
Мәртөк ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 252 «Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
397
Қабылданған күні
27.12.2019
Көрсетілген редакция
27.12.2019 137758_435160.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CH006638
ЭКБ идентификаторы
137758
Редакция идентификаторы
137758_435160
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:52

0 Мәртөк ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 252 «Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттiк мүлiк туралы» Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 252 «Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-186 тіркелген, 2018 жылғы 09 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларының 7 тармағы келесідей редакцияда жазылсын:
«7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады».».

2 2. «Мәртөк аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкімінің жектекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы