Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 17 августа 2018 года № 89 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица»

Қаулы · № 565 · қабылданған 11.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2018-no-89-ekb-146848/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 17 августа 2018 года № 89 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица» Қолданыста Қаулы ·№ 565 ·11.09.2020
11.09.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 17 августа 2018 года № 89 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица»

Қолданыста Қаулы ·№ 565 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Шымкент от 17 августа 2018 года № 89 «Об утверждении размеров тарифов за услуги, предоставляемые особо охраняемыми природными территориями местного значения со статусом юридического лица»
Атауы (қаз.)
«Заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 89 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
565
Қабылданған күні
11.09.2020
Көрсетілген редакция
11.09.2020 146848_482796.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20E0000132
ЭКБ идентификаторы
146848
Редакция идентификаторы
146848_482796
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:52

0 «Заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 тамыздағы № 89 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағы 7) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 тамыздағы №89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4711 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 тамыздағы №66 «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

3 3) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін, Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқанға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызметі үшін тариф мөлшері

Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 11 қыркүйегі
№ 565 қаулысына қосымша
Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 17 тамыздағы
№89 қаулысымен бекітілген
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызметі үшін тариф мөлшері
Қызметтер
атауы
Өлшем бірлігі
Пайдалану уақыты
Тариф мөлшері, теңге
Ескертпе
Тамашалау алаңдарын ұсыну (экспозициялық аймақ)
1
1 күн
600
Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі тамашалау алаңдарын ұсыну (экспозициялық аймақ) қызметінің тарифіне
(600 теңге) қосылған
Ескерту:
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұсынатын қызметі үшін келесі жеңілдіктер қарастырылады:
мектеп жасына дейінгі балаларға (6 жасқа дейін), ардагерлерге және бірінші мен екінші топтағы мүгедектерге - тегін;
мектеп жасындағы балаларға (6 жастан 17 жасқа дейін) - 50%;
күндізгі маусымдағы студенттерге – 25%.

Қолданыстағы