Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Индерского района от 17 апреля 2018 года № 93 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Индерского района»

Қаулы · № 19 · қабылданған 07.02.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2018-no-93/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Индерского района от 17 апреля 2018 года № 93 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Индерского района» Күшін жойған 31.03.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата Индерского района от 17 апреля 2018 года № 93 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Индерского района»

Күшін жойған Қаулы № 19 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Индерского района от 17 апреля 2018 года № 93 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» акимата Индерского района»
Атауы (қаз.)
«Индер ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Индер ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
07.02.2022
Көрсетілген редакция
31.03.2023 164388_623604.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22TF00019A
ЭКБ идентификаторы
164388
Редакция идентификаторы
164388_623604
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:32
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Индер ауданы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Индер ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 93 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Индер ауданы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Индер ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 93 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4142 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Индер ауданы әкімдігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
5-тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
41-тармақ келесідей редакцияда мазмұндалсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 43-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Индер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Т.Мурзинге жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.