О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 17 января 2019 года № 5 «Об установлении охранной зоны, размера, границы, режима и порядка природопользования коммунального государственного учреждения «Государственный региональный природный парк «Кызылсай» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 17 января 2019 года № 5 «Об установлении охранной зоны, размера, границы, режима и порядка природопользования коммунального государственного учреждения «Государственный региональный природный парк «Кызылсай» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 5 «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану мөлшерін, шекарасын, режимін және тәртібін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 31.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2024 202234_726195.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24M0474212
- ЭКБ идентификаторы
- 202234
- Редакция идентификаторы
- 202234_726195
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:58
0
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 5 «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану мөлшерін, шекарасын, режимін және тәртібін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану мөлшерін, шекарасын, режимін және тәртібін белгілеу туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3789 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, қорғау аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібін белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аумағында меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алып қоймай, ені екі шақырым жалпы ауданы 47462 гектар қорғау аймағы белгіленсін.»;
көрсетілген қаулыға қосымшада:
2-тармақтың 5)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, сондай-ақ балық өсіру;»;
2-тармақтың 10)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.».