О внесении изменений в решение Жамбылского областного маслихата от 17 октября 2019 года №39-4 «Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Жамбылской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Жамбылского областного маслихата от 17 октября 2019 года №39-4 «Об определении размеров и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Жамбылской области»
- Атауы (қаз.)
- «Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау» туралы Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы №39-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13-5
- Қабылданған күні
- 16.02.2022
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2022 165022_563174.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22G027019M
- ЭКБ идентификаторы
- 165022
- Редакция идентификаторы
- 165022_563174
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:28
0 «Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау» туралы Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы №39-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
1
1. Жамбыл облыстық мәслихатының "Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 17 қазандағы №39-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4356 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының
2022 жылғы 16 ақпандағы № 13-5
қосымша шешіміне
Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге.
2 2. Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
1 1. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасыларға;
2 2. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарына;
3 3. Толық емес отбасыларға;
4
4. Ипотекалық бағдарламасының және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысының бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы қажетті мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері.