Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-104/2020 «Об утверждении Правил оптовой и розничной реализации лекарственных средств и медицинских изделий»

Бұйрық · № 80 · қабылданған 08.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2020-no-1042020/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-104/2020 «Об утверждении Правил оптовой и розничной реализации лекарственных средств и медицинских изделий» Қолданыста Бұйрық ·№ 80 ·08.10.2024
08.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-104/2020 «Об утверждении Правил оптовой и розничной реализации лекарственных средств и медицинских изделий»

Қолданыста Бұйрық ·№ 80 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-104/2020 «Об утверждении Правил оптовой и розничной реализации лекарственных средств и медицинских изделий»
Атауы (қаз.)
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
80
Қабылданған күні
08.10.2024
Көрсетілген редакция
08.10.2024 201476_722846.kaz
Соңғы өзгеріс
08.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035228
ЭКБ идентификаторы
201476
Редакция идентификаторы
201476_722846
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:18

0 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі

№ ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік реестрінде № 21229 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшасымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-11 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22146 болып тіркелген) Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын сақтау.»;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Дәрілік заттар көтерме саудасы «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22167 болып тіркелген) тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарын сақтала отырып жүзеге асырылады.»;
16-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес айырбастауға және қайтаруға жатпайды.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Дәріхананың сауда залында, дәріхана пунктінің халыққа қызмет көрсету аймағында сөрелерге дәрігердің рецептінсіз сатылатын дәрілік заттар қойылады.
Сөреге рецепт бойынша босатылуға жататын дәрілік заттарды орналастыруға жол берілмейді.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Жарамсыз рецептілер «Рецепт жарамсыз» деген мөртабанмен мөрленеді, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленген, тігілген және басшының қолымен және дәріхананың, дәріхана пунктінің, жылжымалы дәріханалық пунктінің мөрімен (бар болған жағдайда) бекітілген Дұрыс жазып берілмеген рецептілерді есепке алу журналында тіркеледі.
Дұрыс жазып берілмеген рецепттер туралы ақпарат дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне және тиісті медициналық ұйымның басшысына мәлімет үшін беріледі.»;
33-тармақ алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы