О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 17 августа 2020 года № 11-1-4/227 «Об утверждении Правил ротации персонала дипломатической службы Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 17 августа 2020 года № 11-1-4/227 «Об утверждении Правил ротации персонала дипломатической службы Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/156
- Қабылданған күні
- 18.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2025 208230_748740.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035833
- ЭКБ идентификаторы
- 208230
- Редакция идентификаторы
- 208230_748740
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:32
0 «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 11-1-4/227 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21109 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 156) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 156) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын ротациялаудың (бұдан әрі – ротация) тәртібін анықтайды.»;
12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Дипломатиялық қызмет персоналы ұсынылған лауазымға (лауазымдарға) тағайындаудан бас тартқан немесе осы Қағидалардың 10-тармағымен белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасына оралғаны жөнінде хабарламаны ұсынбаған жағдайда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 11-1-2/53 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13475 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне қосу қағидаларына (бұдан әрі – Кадр резервіне қосу қағидалары) сәйкес Министрліктің кадрлық резервіне қосуға жатады.»;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
реттік нөмірі 3.7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.7.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда)
»;
реттік нөмірі 4.1.1- жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
4.1.1.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты (дайындықты өткізу бойынша алдын-ала келісім болған жағдайда)
».
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Адам ресурстары департаменті:
1 1) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.