О внесении изменений в решение акима Тюлькубасского района от 17 марта 2020 года № 4 «Об образовании избирательных участков на территории Тюлькубасского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Тюлькубасского района от 17 марта 2020 года № 4 «Об образовании избирательных участков на территории Тюлькубасского района»
- Атауы (қаз.)
- «Түлкібас ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Түлкібас ауданы әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 30.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2020 144354_469152.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UN005677
- ЭКБ идентификаторы
- 144354
- Редакция идентификаторы
- 144354_469152
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:47
0 «Түлкібас ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Түлкібас ауданы әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2-тармағына сәйкес Түлкібас ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Түлкібас ауданы әкімінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №4 «Түлкібас ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5499 тіркелген, 2020 жылы 27 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімінің қосымшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2 2. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түлкібас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Түлкібас аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
____________________К.Ахметов
«____» ___________ 2020 жыл