Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 апреля 2020 года № 95 «Об утверждении Правил и условий осуществления археологических работ»

Бұйрық · № 158-НҚ · қабылданған 11.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2020-no-95/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 апреля 2020 года № 95 «Об утверждении Правил и условий осуществления археологических работ» Қолданыста Бұйрық ·№ 158-НҚ ·11.04.2025
11.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 апреля 2020 года № 95 «Об утверждении Правил и условий осуществления археологических работ»

Қолданыста Бұйрық ·№ 158-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 17 апреля 2020 года № 95 «Об утверждении Правил и условий осуществления археологических работ»
Атауы (қаз.)
«Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
158-НҚ
Қабылданған күні
11.04.2025
Көрсетілген редакция
11.04.2025 209250_753576.kaz
Соңғы өзгеріс
11.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035980
ЭКБ идентификаторы
209250
Редакция идентификаторы
209250_753576
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:06

0 «Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Археологиялық жұмыстар уәкілетті орган бекіткен археологиялық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.
Археологиялық жұмыстардың жоспардан тыс жүргізілуіне жол берілмейді.»;
4-1 және 4-2 деген тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Уәкілетті орган археологиялық жұмыстар жоспарын мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға қалыптастырады.
4-2. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар ұсыныстарын уәкілетті органға жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде ұсынады.
Уәкілетті орган археологиялық жұмыстардың алдын ала жоспарын қалыптастыруды жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 қазанына дейін мерзімде қамтамасыз етеді және жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде бекітеді.
Археологиялық жұмыстардың бекітілген жоспарына өзгерістер енгізуді уәкілетті орган мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жүргізілетін, бұл жөнінде уәкілетті органға хабар берілетін жұмыстарды қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына археологиялық жұмыстардың басталатыны туралы оларды бастағанға дейін он жұмыс күннен кешіктірмей хабар береді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы