О внесении изменений в постановление акимата города Жезказган от 17 февраля 2021 года № 06/01 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения «Аппарат акима города Жезказган» и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Жезказган от 17 февраля 2021 года № 06/01 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения «Аппарат акима города Жезказган» и исполнительных органов, финансируемых из бюджета города Жезказган»
- Атауы (қаз.)
- Жезқазған қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 06/01 «Жезқазған қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30/01
- Қабылданған күні
- 01.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2024 198549_708936.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24HA013420
- ЭКБ идентификаторы
- 198549
- Редакция идентификаторы
- 198549_708936
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:44
0
Жезқазған қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы №06/01 «Жезқазған қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Жезқазған қаласының әкімдігінің «Жезқазған қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 17 ақпандағы №06/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6199 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жезқазған қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:
1) 2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және Жезқазған қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрметті атақ беру;
6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.»;
2) 3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және мемлекеттік органның актісінде нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.».