О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 17 сентября 2021 года № 3743 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в городе Усть-Каменогорске»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 17 сентября 2021 года № 3743 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в городе Усть-Каменогорске»
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 3743 «Өскемен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3792
- Қабылданған күні
- 23.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2024 202064_725724.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24VA909816
- ЭКБ идентификаторы
- 202064
- Редакция идентификаторы
- 202064_725724
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:04
0 Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 3743 «Өскемен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 3743 «Өскемен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24710 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.».