Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 17 августа 2021 года № 405 «Об утверждении технического регламента «Общие требования к пожарной безопасности»

Бұйрық · № 72 · қабылданған 10.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2021-no-405-ekb-178650/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 17 августа 2021 года № 405 «Об утверждении технического регламента «Общие требования к пожарной безопасности» Қолданыста Бұйрық ·№ 72 ·10.02.2023
10.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 17 августа 2021 года № 405 «Об утверждении технического регламента «Общие требования к пожарной безопасности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 72 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 17 августа 2021 года № 405 «Об утверждении технического регламента «Общие требования к пожарной безопасности»
Атауы (қаз.)
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
72
Қабылданған күні
10.02.2023
Көрсетілген редакция
10.02.2023 178650_620487.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031896
ЭКБ идентификаторы
178650
Редакция идентификаторы
178650_620487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:25

0 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар»

техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы
№ 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
5-тармақтың 24 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«24) өрт бөлігі – өрттің таралуын шектеу және оны жоюға арналған жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы тосқауылдармен (1 типті өртке қарсы қабырғалар және 1 типті өртке қарсы аражабындар) бөлінген ғимараттың бөлігі;»;
8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер осы Техникалық регламентте белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары толық көлемде, оның ішінде өнімнің жекелеген түрлеріне және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейтін құрылыс нормаларын, сондай-ақ жобалау және құрылыс жөніндегі қағидалар жинақтарын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды ерікті қолдану арқылы орындалса, объектінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады.»;
34, 35, 36 және 37 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Сұйытылған табиғи газдардың, сондай-ақ сұйытылған мұңай газдарының және тез тұтанатын сұйықтықтардың кешендері елді мекендердің тұрғын аймағынан тыс, тұрғын үй аудандарына қатысты желдің басым бағытының желдетілетін жағынан орналастырылуы тиіс.
35. Сұйытылған мұңай газдарының және тез тұтанатын сұйықтықтардың қоймаларын орналастыру бойынша жер учаскелері елді мекендерге, кемежайларға, өзен вокзалдарына, гидроэлектр станцияларына, кеме жөндейтін және кеме құрылысы ұйымдарына, көпірлер мен құрылыстарға өзен ағысымен төмен, егер көрсетілген құрылыстардан бастап Техникалық регламенттерде үлкен қашықтықтар белгіленбесе, олардан бастап кемінде 300 м қашықтыққа орналастырылуы тиіс.
36. Сұйытылған мұңай газдары мен тез тұтанатын сұйықтықтар қоймаларының құрылыстары көрші елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумақтарының белгілерімен салыстырғанда өте жоғары деңгейлі жер учаскелеріне орналастырылуы тиіс.
Көрсетілген қоймаларды көршілес елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумағы белгілерімен салыстырғанда өте жоғары деңгейлі жер учаскелеріне, олардан 300 м астам арақашықтыққа орналастыруға жол беріледі.
37. Елді мекендерден, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарынан 100 м-ден 300 м дейінгі аралықтағы арақашықтыққа орналасқан сұйытылған мұңай газдары мен жылдам тұтанатын сұйықтықтар қоймаларына елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумағына сұйықтықтардың ағуын болдырмайтын шаралар (оның ішінде екінші топырақ үйіп бекіту, авариялық ыдыстар, ағызу каналдары, траншеялар) көзделуі тиіс.»;
48 тармаққа өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
102 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«102. Отқа төзімділігі I және II деңгейлі Ф1, Ф2, Ф3, Ф4 өрт қауіптілігінің функционалдық сыныбының тұрғын, қоғамдық және әкімшілік (тұрмыстық) ғимараттарынан ең аз өртке қарсы қашықтығы:
1) Ф5 сыныпты өндірістік және қоймалық ғимараттардан, сондай-ақ оттөзімділіктің I және II деңгейлі гараждарына және автотұрақ гараждарына дейін кемінде 9 м;
2) Ф5 функционалдық өрт қауіптілігі сыныпты және С2, С3 конструкциялық өрт қауіптілігі сыныпты ғимараттарға дейін – кемінде 15 м;
3) функционалдық өрт қауіптілігі класының Ф5 III, ІІІа, ІІІб отқа төзімділік дәрежелі ғимараттарына дейін – кемінде 12 м;
4) функционалдық өрт қауіптілігі класының Ф5 отқа төзімділігі IV, IVа және V деңгейлі ғимараттарға дейін – кемінде 15 м.»;
110 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«110. Автожанармай құю станцияларын елді мекендердің аумағында орналастырған кезде өртке қарсы арақашықтық отын сақтауға арналған резервуарлардың (ыдыстардың) және авариялық резервуарлардың, отын және (немесе) оның буы айналатын жерүсті жабдығынан, отын сақтауға арналған жерасты резервуарларының және авариялық резервуарлардың тыныс алу арматурасынан, отын-тарату колонкасының корпусынан және сұйытылған мұнай газының немесе сұйытылған табиғи газдың тарату колонкаларынан, автоцистерна мен технологиялық құдықтарға арналған алаңдардың шекараларынан, тазарту құрылыстарының технологиялық жабдықтарының қабырғаларынан, көлік құралдарын қоюға арналған алаңдардың шекарасынан және автожанармай құю станциялары ғимараттарының сыртқы қабырғалары мен конструкцияларынан бастап айқындалуға тиіс:
1) мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары, интернаттық ұйымдар, стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар, бір пәтерлі тұрғын ғимарат жер учаскесінің шекарасына;
2) басқа мақсаттағы тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қабырғаларына дейін.»;
115 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«115. Өртке қарсы қашықтықты тұрғын үйлердің терезелерінен және қоғамдық ғимараттардың, құрылыстар мен құрылыстардың қабырғаларынан және мектепке дейінгі балалар білім беру мекемелерінің, жалпы білім беру мекемелерінің және стационарлық үлгідегі емдеу мекемелерінің жер учаскелерінің шекараларынан гараж қабырғаларына немесе ашық тұрақ автомобильдерін орналастыру орындарына дейін анықтау қажет.»;
119 және 120 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«119. Қойма аумағында орналасатын сұйытылған мұңай газдарының резервуарларынан бастап қойма құрамына кіретін, сондай-ақ оның аумағынан тыс орналасқан басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 10-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.
«120. Тауарлық-шикізат базасының құрамына кіретін сұйытылған мұңай газдары қоймалары резервуарларынан бастап басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 10-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.»;
122, 123, 124 және 125 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«122. Шеткі резервуардан бастап жалпы сыйымдылығы 50 м3 сұйытылған мұңай газының резервуарлық қондырғысынан бастап елді мекен ғимараттары мен құрылыстарына және оның коммуникацияларына дейінгі қашықтықтар осы Техникалық регламентке 11-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.
123. Жалпы сыйымдылығы 50 м3 артық сұйытылған мұңай газының резервуарлық қондырғысынан бастап қашықтықтар осы Техникалық регламентке 11-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.
124. Бірлік сыйымдылығы 50 м3 сұйытылған мұңай газының екі резервуарын орнатқан кезде газ толтыру кіші станциясына жатпайтын ғимараттарға (тұрғын, қоғамдық, өндірістік) дейінгі қашықтықты:
1) жер үсті резервуарлары үшін – 100 м дейін;
2) жер асты резервуарлары үшін – 50 м дейін азайтуға рұқсат етіледі.
125. Сұйытылған мұңай газдарының жер үсті резервуарсынан бастап бір мезгілде 800-ден артық адам болуы мүмкін (стадион, базар, парк, тұрғын үй) орындарға дейінгі, сондай-ақ орын санына қарамай орта білім беру, мектепке дейінгі және санаторийлік-курорттық ұйымдарына дейінгі қашықтық, осы Техникалық регламентке 11-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген мәндермен салыстырғанда 2 есе арттыруға рұқсат етіледі.»;
154 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«154. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шектері ғимараттардың, құрылыстардың және өрт бөліктерінің отқа төзімділік дәрежесіне сәйкес келеді.
Ғимараттардың, құрылыстардың және өрт сөндіру бөліктерінің құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік дәрежесінің және отқа төзімділік шегінің сәйкестігі осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-кестесі бойынша анықталады.»;
195 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«195. Биіктігі 10 м және өрт сөндіру машиналарының өтетін жерінің үстінің бетінен бастап, төбенің қаңқасына және сыртқы қабырғаның төбесіне (жақтау) дейінгі белгіден артық болатын функционалдық өрт қауіптілігі класына қарамастан ғимараттар мен құрылыстарда басқыш шабақтарынан тікелей немесе шатырдың асты арқылы, не 3-типті сатылар бойынша немесе сыртқы өрт сөндіру сатылары бойынша төбеге шығатын жерлер қарастырылуы тиіс.»;
207 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«207. Құрылыс-монтаждау және отты жұмыстарды жүргізу кезінде осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да нормативтік құжаттардың талаптары сақталуы тиіс.»;
210 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«210. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларында пайдаланылатын материалдар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 40 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың «Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенті туралы (ЕАЭО ТР 043/2017), сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қолданылады.»;
1 қосымшаның:
36 тармағы алып тасталсын;
10 қосымшаның:
3 кесте атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қойма аумағында орналасатын сұйытылған мұңай газдарының резервуарларынан бастап қойма құрамына кіретін, сондай-ақ оның аумағынан тыс орналасқан басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар»;
10 қосымшасының:
4 кесте атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарлық-шикізат базасының құрамына кіретін сұйытылған мұңай газдары қоймалары резервуарларынан бастап басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар»;
11 қосымшасының:
2 кесте атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сұйылтылған мұңай газдарының резервуарлық қондырғыларынан объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар»;
3 кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«3-кесте
Сұйылтылған мұңай газдарының резервуарлық қондырғыларынан объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар
Ғи­ма­рат, құ­ры­лыс және ком­му­ни­ка­ци­я­лар
СМГ ре­зер­ву­ар­ла­ры­нан қа­шық­тық, м
СМГ пай­да­ла­ны­ла­тын үй­ма­рат, қон­дыр­ғы­дан қа­шық­тық, м
Жал­пы сый­ым­ды­лық­ты тол­ты­ры­л­ған бал­лон қой­ма­сы­нан қа­шық­тық, м, м3
Жер бе­ті­лік ре­зер­ву­ар­лар
Же­ра­с­ты ре­зер­ву­ар­ла­ры
Жал­пы сый­ым­ды­лы­ғы жағ­дай­да, м 3
20-50
51-200
51-500
201-8000
51-200
51-500
201-8000
Бір ре­зер­ву­ар­ның ең жо­ғар­ғы сый­ым­ды­лы­ғы, м 3
25-ке дей­ін
25
50
100
101-600
25
50
100
101-600
>20
<20
Тұр­ғын үй, әкім­ші­лік, тұр­мыстық, өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар, қа­зан­дық, га­раж және ашық тұ­рақ­тар ғи­ма­рат­та­ры 1)
70
(30)
80
(50)
150
(110)2)
200
300
40
(25)
75
(55)2)
100
150
50
50
(20)
100
(30)
Жер бе­ті­лік құ­ры­лы­стар мен ком­му­ни­ка­ци­я­лар (эс­та­ка­да, жы­лу трас­са­ла­ры), тұр­ғын үй ғи­ма­рат­та­ры­ның қо­сал­қы құ­ры­лы­ста­ры
30
(15)
30
(20)
40
(30)
40
(30)
40
(30)
20
(15)
25
(15)
25
(15)
25
(15)
30
20
(15)
20
(20)
Же­ра­с­ты ком­му­ни­ка­ци­я­ла­ры (газ тол­ты­ра­тын стан­ция ау­ма­ғын­да газ құ­быр­ла­ры­нан бас­қа)
Қа­ла құ­ры­лы­сы са­ла­сын­да­ғы тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер­ге сәй­кес
Электр бе­ру же­лі­ле­рі, транс­фор­ма­тор­лық та­ра­ту құ­ры­л­ғы­ла­ры
№ 230 бұй­рық­тың та­лап­та­ры­на сәй­кес
Жал­пы же­лі­лік те­мір жол­дар (үй­ін­ді та­ба­ны­нан), I — III са­нат­ты ав­то­мо­биль жол­да­ры
50
75
1003)
100
100
50
753)
75
75
50
50
50
Те­мір жол­дар­дың, кә­сі­по­рын жол­да­ры­ның кі­ре­бе­ріс жол­да­ры, трам­вай жол­да­ры, IV - V са­нат­ты ав­то­мо­биль жол­да­ры
30
(20)
303)
(20)
403)
(30)
40
(30)
40
(30)
203)
(15)3)
253)
(15)3)
25
(15)
25
(15)
30
20
(20)
20
(20)
1) - тұр­ғын және қо­ғам­дық ғи­ма­рат­тан қа­шық­тық­ты же­ке алаң­да ор­на­лас­қан сұй­ы­ты­л­ған мұ­ңай га­з­да­ры үшін көр­се­ті­л­ген­нен кем емес деп, ал әкім­ші­лік, тұр­мыстық, өн­ді­рі­стік ғи­ма­рат­тар­дан, қа­зан­дық, га­раж ғи­ма­рат­та­ры­нан жақ­ша­да көр­се­ті­л­ген мән­дер бой­ын­ша деп қа­был­дау ке­рек;
2) - 200 м3 дей­ін­гі жал­пы сый­ым­ды­лық­ты газ тол­ты­ру стан­ци­я­ла­ры ре­зер­ву­ар­ла­ры­нан жер бе­ті­лік орын­дал­ған­ға 70 м, же­ра­с­ты - 35 м, ал сый­ым­ды­лы­ғы 300 м3 жағ­дай­да - сәй­кес қа­шық­тық­ты 90 м және 45 м азай­ту рұқ­сат еті­ле­ді.
3) - те­мір және ав­то­мо­биль жол­да­ры­нан жал­пы сый­ым­ды­лы­ғы 200 м3 ар­тық емес сұй­ы­ты­л­ған мұ­ңай га­зы ре­зер­ву­ар­ла­ры­на дей­ін жер бе­ті­лік орын­да­уда 75 м-ге дей­ін және же­ра­с­ты­лық орын­да­уда 50 м-ге дей­ін азай­ту рұқ­сат еті­ле­ді. Кі­ре­бе­ріс, кә­сі­по­рын ау­ма­ғы­нан тыс өте­тін трам­вай жол­да­ры­нан жал­пы сый­ым­ды­лы­ғы 100 м ар­тық емес сұй­ы­ты­л­ған мұ­ңай га­з­да­ры ре­зер­ву­ар­ла­ры­на дей­ін жер бе­ті­лік орын­да­уда 20 м-ге дей­ін және же­ра­с­ты­лық орын­да­уда 15 м-ге дей­ін азай­ту, ал жол­дар­дың кә­сі­по­рын ау­ма­ғы бой­ын­ша өт­ке­ні жағ­дай­да осы қа­шық­тық­тар ре­зер­ву­ар­лар­дың же­ра­с­ты­лық орын­да­луы жағ­дай­да 10 м-ге дей­ін қы­сқа­руы рұқ­сат еті­ле­ді.
Өнер­к­ә­сіп­тік кә­сі­по­рын ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан сұй­ы­ты­л­ған мұ­ңай га­зы ре­зер­ву­ар­ла­ры­нан және тол­ты­ры­л­ған бал­лон қой­ма­ла­ры­нан, сон­дай-ақ тол­ты­ры­л­ған бал­лон қой­ма­сы­нан өнер­к­ә­сіп­тік және ауыл ша­ру­а­шы­лық кә­сі­по­рын­да­ры мен өн­ді­рі­стік си­патта­ғы тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту кә­сі­по­рын­да­ры­ның ғи­ма­рат­та­ры­на дей­ін жақ­ша­да бе­рі­л­ген мән­дер бой­ын­ша қа­был­дау ке­рек.
»;
16 қосымшасының:
40 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Деректер болмаған кезде, сұйытылған мұңай газдары үшін (бұдан әрі мәтін бойынша - СМГ) ағызудан буланатын СМГ mсмг меншікті салмағын мынадай формула бойынша есептеуге рұқсат етіледі, кг/м2
(36)
мұндағы М - молярлық масса СМГ, кг/моль;
Lисп - Тж бастапқы температура кезіндегі СМГ мольдік булану жылуы, Дж/моль;
Т0 – бетіне СМГ төгілетін материалдың бастапқы температурасы, К;
Тж - СМГ бастапқы температурасы, К;
λтв – бетіне СМГ төгілетін материалдың жылу өткізгіштік коэффициенті, Вт/м К;
ɑ - бетіне СМГ төгілетін материалдың температура өткізгіштік коэффициенті, м2 /с;
Ств - бетіне СМГ төгілетін материалдың жылу сыйымдылығы, Дж/кг*К;
ρтв - бетіне СКГ төгілетін материалдың тығыздығы, кг/м3;
t - СМГ толық булану уақытына тең болып қабылданатын ағымдағы уақыт, с, бірақ 60 минуттан артық емес;
Re – Рейнольдс саны;
U - ауа ағынының жылдамдығы, м/с;
d - СМГ ағызудың сипатты өлшемі, м;
VB - ауаның кинематикалық тұтқырлығы, м 2 /с;
λB - ауаның жылу өткізгіштік коэффициенті, Вт/м. К.
(36) формуласы температурасы Тж ≤Tкип болатын СМГ үшін қолданылады
СМГ Тж > Ткип температурасы кезінде (34) формуласы бойынша қыздырылған СМГ mпер салмағы қосымша есептеледі.»;
54 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Сұйықтық ағызу өрті үшін немесе қатты материалдардың жану кезінде q жылу сәулеленуінің қарқындылығы мына формула бойынша есептеледі, кВт/м 2.
q = Ef .Fq.t,
(48)
мұндағы Еf — жалынның жылу сәулеленуінің орташа беттік тығыздығы, кВт/м2;
Fq - сәулеленудің бұрыштық коэффициенті;
t - атмосфераның өткізу коэффициенті.
Еf мәні бар экспериментальды деректер негізінде қабылданады. Кейбір сұйық көмірсутекті отын үшін көрсетілген деректер осы қосымшаның 8-кестесінде келтірілген.
Деректер болмаған жағдайда Еf шамасын мыналарға тең қабылдауға рұқсат етіледі:
1) СМГ үшін - 100 кВт/м2,
2) мұнай өнімдері үшін - 40 кВт/м2,
3) қатты материалдар үшін - 40 кВт/ м2.
8-кесте
Ошақ диаметріне қарай жылу сәулеленуінің орташа беттік тығыздығы және кейбір көмірсутекті отын үшін жанудың меншікті салмақтық жылдамдығы
Отын
E f , кВт/м 2
М кг/м 2. с
d = 10 м
d = 20 м
d = 30 м
d = 40 м
d = 50 м
СТГ (Метан)
220
180
150
130
120
0,08
СМГ (Пропан- бутан)
80
63
50
43
40
0,10
Бензин
60
47
35
28
25
0,06
Дизель отыны
40
32
25
21
18
0,04
Мұңай
25
19
15
12
10
0,04
Ескертпе: 10 м кем немесе 50 м артық ошақ диаметрі үшін сәйкесінше диаметрі 10 м және 50 м болатын ошаққа арналған сияқты сондай Ef шамасын қабылдау керек.
Ағызудың тиімді d диаметрі мына формула бойынша есептеледі, м.
(49)
мұндағы F - төгілу ауданы, м2.
Жалынның Н биіктігі мына формула бойынша есептеледі, м.
(50)
мұндағы М - отын жанып кетудің меншікті салмақтық жылдамдығы, кг/м 2* с;
rв - қоршаған ауаның тығыздығы, кг/м 3;
g = 9,81 м/с 2 - еркін түсу үдеуі.
Сәулеленудің бұрыштық коэффициенті Fq мына формула бойынша анықталады:
(51)
мұндағы Fv Fн - мына өрнектер көмегімен сәйкесінше анықталатын тік және жатық аудандарға арналған сәулелену факторлары:
, (52)
, (53)
A = (h 2 + S 2 +1 )/(2S);
(54)
B = (1 + S 2 )/(2S);
(55)
S = 2r/d;
(56)
h = 2H/d,
(57)
мұндағы r - ағызудың геометриялық ортасынан сәулеленетін объектіге дейінгі арақашықтығы, м.
Атмосфераның өткізу коэффициенті мына формула бойынша анықталады
t = exp [-7,0 . 10 -4. (r - 0,5d)].
(58)».

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы