Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 17 августа 2021 года № 405 «Об утверждении технического регламента «Общие требования к пожарной безопасности»

Бұйрық · № 406 · қабылданған 17.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2021-no-405/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 17 августа 2021 года № 405 «Об утверждении технического регламента «Общие требования к пожарной безопасности» Қолданыста Бұйрық ·№ 406 ·17.09.2025
17.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 17 августа 2021 года № 405 «Об утверждении технического регламента «Общие требования к пожарной безопасности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 406 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 17 августа 2021 года № 405 «Об утверждении технического регламента «Общие требования к пожарной безопасности»
Атауы (қаз.)
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
406
Қабылданған күні
17.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
04.10.2025
Көрсетілген редакция
17.09.2025 214438_777883.kaz
Соңғы өзгеріс
17.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036878
ЭКБ идентификаторы
214438
Редакция идентификаторы
214438_777883
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:14

0 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар»

техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы
№ 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы №405 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:
30-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қалаларда және елді мекендерде, сондай-ақ әртүрлі меншік нысандарының объектілерінде мемлекеттің және кәсіби өртке қарсы қызметтерді, ерікті өртке қарсы құралымдарды құру және олардың жұмысын ұйымдастыру.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Кенттер мен қалалар, сондай-ақ ауылдық елді мекендер аумағында өртке қарсы қызмет бөлімшелерін орналастыру кенттер мен қалалардағы шақыру жасаған орынға алғашқы өрт бөлімшесінің жету уақыты 10 минуттан аспауы, ал ауылдық елді мекендер үшін – 20 минуттан аспауы тиіс деген шартқа сүйеніп анықталады.
Қалалар мен елді мекендер үшін өрт деполары мен өрт сөндіру автомобильдерінің саны сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.
Ұйымдар мен объектілерде кәсіби өртке қарсы қызметті құру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығымен бекітілген міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32631 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіби өртке қарсы қызметті техникалық жарақтандыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 782 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9931 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.»;
223 тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілген радиустан асқан жағдайда, кәсіпорын алаңында қосымша өрт сөндіру деполары (бекеттері) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 32631 болып тіркелген) Міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне сәйкес көзделуі қажет.».

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы