Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 17 ноября 2021 года № 82 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Лисаковске»

Өзге акт · № 170 · қабылданған 28.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2021-no-82-ekb-172293/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 17 ноября 2021 года № 82 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Лисаковске» Қолданыста Өзге акт ·№ 170 ·28.09.2022
28.09.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 17 ноября 2021 года № 82 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Лисаковске»

Қолданыста Өзге акт ·№ 170 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 17 ноября 2021 года № 82 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Лисаковске»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2021 жылғы 17 қарашадағы № 82 «Лисаков қаласында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
170
Қабылданған күні
28.09.2022
Көрсетілген редакция
28.09.2022 172293_594257.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22ND029903
ЭКБ идентификаторы
172293
Редакция идентификаторы
172293_594257
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:45

0 Мәслихаттың 2021 жылғы 17 қарашадағы № 82 «Лисаков қаласында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Мәслихаттың «Лисаков қаласында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 17 қарашадағы № 82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25500 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері айқындалсын.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері

Мәслихаттың
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 170 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2021 жылғы 17 қарашадағы
№ 82 шешіміне
1-қосымша
Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

2

2. Жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланы үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

3

3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

5

5. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6 6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттар Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте қандастар, жеке басын сәйкестендіру үшін, жеке басын куәландыратын кұжаттың орнына қандас куәлігін ұсынады.

7 7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері Шығындарды өтеу қағидалары 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы