О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 17 марта 2022 года № 15/1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Сандыктауского районного маслихата Акмолинской области от 17 марта 2022 года № 15/1 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Сандыктаускому району»
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 15/1 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/2
- Қабылданған күні
- 08.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2023 173667_682954.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22BP030518
- ЭКБ идентификаторы
- 173667
- Редакция идентификаторы
- 173667_682954
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:09
0 Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 15/1 «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 17 наурыздағы № 15/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27759 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің бекітілген Сандықтау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және 10-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;
5-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні қазан айының екінші жексенбісі;»;
6-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
4 «4) Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне – қазан айының екінші жексенбісі:
барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдарға;»;
7-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«басқа мемлекеттердің аумағында жауынгерлік әрекеттер ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, жасы 18-ге дейін мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін тұлғаларға, «Күміс Алқа» және «Алтын Алқа» алқалармен марапатталған көп балалы аналарға ақшалай формасында шипажайлық-курорттық емделуге, ағымды қаржылық жылға қарастырылған сомасы шегінде.».