О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 17 мая 2022 года № 19/231 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» коммунального государственного учреждения «Аппарат маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 19/231 шешімне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 мамырдағы № 19/231 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 3-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «3. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) «Е-қызмет» интеграцияланған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.»; 4-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «Қорытынды баға цифрлық жүйеде күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары үшін «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасынан автоматты түрде қалыптастырылады.»; 8-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «8. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді лауазымдық міндеттеріне кадр жұмысын, оның ішінде цифрлық жүйе арқылы жүргізу кіретін бас маман қамтамасыз етеді.»; 9-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «9. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін цифрлық жүйеде, сондай-ақ «Е-қызмет» мобильді қосымшасында алады.»; 12-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «12. Бағалауға байланысты құжаттар мәслихат аппаратында лауазымдық міндеттеріне бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде кадр жұмысын жүргізу кіретін бас маманда, сондай-ақ цифрлық жүйеде сақталады.»; 17-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «17. Бағалау парағын бағалаушы тұлғаға лауазымдық міндеттеріне цифрлық жүйе арқылы кадр жұмысын жүргізу кіретін бас маман жібереді.»; 22-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және тиісті хаттамамен ресімделеді. Лауазымдық міндеттеріне кадр жұмысын жүргізу кіретін бас маман хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде цифрлық жүйеде (техникалық мүмкіндік болған кезде) орналастыруды қамтамасыз етеді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.