Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 17 марта 2022 года № 19/3 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества города Сергеевки и сельских округов района Шал акына Северо-Казахстанской области»

Өзге акт · № 2/3 · қабылданған 07.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2022-no-193/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 17 марта 2022 года № 19/3 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества города Сергеевки и сельских округов района Шал акына Северо-Казахстанской области» Қолданыста Өзге акт ·№ 2/3 ·07.04.2023
07.04.2023 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 17 марта 2022 года № 19/3 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества города Сергеевки и сельских округов района Шал акына Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Өзге акт ·№ 2/3 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 17 марта 2022 года № 19/3 «Об утверждении регламента собрания местного сообщества города Сергеевки и сельских округов района Шал акына Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы № 19/3 «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы мен ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2/3
Қабылданған күні
07.04.2023
Көрсетілген редакция
07.04.2023 179595_624396.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23SN00023M
ЭКБ идентификаторы
179595
Редакция идентификаторы
179595_624396
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:58

0 Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы мәслихатының
2022 жылғы 17 наурыздағы № 19/3
«Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы мен
ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық
жиналысының регламентін бекіту туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы мен ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2022 жылғы 17 наурыздағы № 19/3 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы мен ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

7 «7. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
қала, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, қала, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;
қаланың, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі қала, ауылдық округ аппаратының шешімдерін келісу;
қала, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
қала, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
қала, ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
қала, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы