Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2023 года № 1011 «О некоторых вопросах предоставления исключительного права на экспорт отдельных видов углей»

Қаулы · № 861 · қабылданған 18.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2023-no-1011-ekb-201848/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2023 года № 1011 «О некоторых вопросах предоставления исключительного права на экспорт отдельных видов углей» Қолданыста Қаулы ·№ 861 ·18.10.2024
18.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2023 года № 1011 «О некоторых вопросах предоставления исключительного права на экспорт отдельных видов углей»

Қолданыста Қаулы ·№ 861 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2023 года № 1011 «О некоторых вопросах предоставления исключительного права на экспорт отдельных видов углей»
Атауы (қаз.)
«Жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
861
Қабылданған күні
18.10.2024
Көрсетілген редакция
18.10.2024 201848_724711.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000861
ЭКБ идентификаторы
201848
Редакция идентификаторы
201848_724711
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:09

0 «Жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Qarmet» акционерлік қоғамы.»;
реттік нөмірі 29-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 34 – 38-жолдармен толықтырылсын:
«34. «Kazakh Coal Trading» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
35. «MCI Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
36. «Горнопромышленное предприятие Куу-Чек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
37. «ҚазКөмір Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
38. «Кайнама Комир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жекелеген көмір түрлерінің экспортына арналған айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 7-тармағының төртінші бөлігіне және 45-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының 19 және 20-тармақтарына сәйкес әзірленді және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті берген жекелеген көмір түрлерін экспорттауға арналған айрықша лицензияның (бұдан әрі – айрықша лицензия) қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібін айқындайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Лицензиар айрықша лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау немесе тоқтату туралы шешім қабылданған күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және лицензиатқа тиісті хабарлама жібереді.».

2 2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы