Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 17 марта 2023 года № 11-1-4/113 «Об утверждении Правил заключения, изменения и расторжения соглашений об инвестициях»

Бұйрық · № 11-1-4/328 · қабылданған 30.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2023-no-11-1-4113/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 17 марта 2023 года № 11-1-4/113 «Об утверждении Правил заключения, изменения и расторжения соглашений об инвестициях» Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/328 ·30.05.2025
30.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 17 марта 2023 года № 11-1-4/113 «Об утверждении Правил заключения, изменения и расторжения соглашений об инвестициях»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/328 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра иностранных дел Республики Казахстан от 17 марта 2023 года № 11-1-4/113 «Об утверждении Правил заключения, изменения и расторжения соглашений об инвестициях»
Атауы (қаз.)
«Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/328
Қабылданған күні
30.05.2025
Көрсетілген редакция
30.05.2025 210939_760595.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036189
ЭКБ идентификаторы
210939
Редакция идентификаторы
210939_760595
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:07

0 «Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32095 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық келісімді жасасу, өзгерту, бұзу қағидаларында:
18-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Инвестициялық штабтың келісім жасасуды мақұлдау туралы оң шешімі болған кезде уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:
1) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін келісімдердің жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 73-бабына сәйкес қажетті құжаттар мен есептерді;
2) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздемейтін келісімдердің жобалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартудың болмауы туралы жазбаша негіздеме ұсынады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі келісімдердің жобалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін, осы Қағидалардың 18-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген келісілген құжаттарды Республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығару үшін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қорытындысы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды Республикалық бюджет комиссиясының отырысына жібереді.»;
19-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Келісім жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі қабылданған жағдайда не республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқарту болмаған жағдайда уәкілетті орган белгіленген тәртіппен келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға келісуге жібереді.»;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) инвестициялар – лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);»;
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) инвестициялық жоба - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестицияларды, сондай-ақ өте маңызды объектілерге немесе жалпыелдік маңызы бар жобаларға бағытталған инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;».

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы