О внесении изменения в решение Осакаровского районного маслихата от 17 ноября 2023 года № 13/130 «Об утверждении Порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей Шидертинского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области для участия в сходе местного сообщества»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Осакаровского районного маслихата от 17 ноября 2023 года № 13/130 «Об утверждении Порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей Шидертинского сельского округа Осакаровского района Карагандинской области для участия в сходе местного сообщества»
- Атауы (қаз.)
- Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қрашадағы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Шідерті ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 13/130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36/368
- Қабылданған күні
- 09.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2025 212161_764989.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25KO36368M
- ЭКБ идентификаторы
- 212161
- Редакция идентификаторы
- 212161_764989
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:27
0
Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қрашадағы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Шідерті ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 13/130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Шідерті ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 13/130 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген), аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қарағанды облысы Осакаров ауданы Шідерті ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Шідерті ауылдық округінің Шідерті ауылы (бұдан әрі – Шідерті ауылы).».