О внесении изменения в постановление акимата Кызылкогинского района от 17 августа 2023 года № 133 «О переименовании коммунального государственного учреждения «Организация дневного полустационарного типа отделения дневного прибывания» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Кызылкогинского района от 17 августа 2023 года № 133 «О переименовании коммунального государственного учреждения «Организация дневного полустационарного типа отделения дневного прибывания» государственного учреждения «Отдел занятости и социальных программ Кызылкогинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 121
- Қабылданған күні
- 16.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2025 212605_766540.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25TE00121A
- ЭКБ идентификаторы
- 212605
- Редакция идентификаторы
- 212605_766540
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:15
0
«Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 42 бабына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрандыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 14 шілдедегі Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығына және Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2024 жылғы 3 желтоқсандағы №06-01-08-05/2727 хатына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 133 «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
«Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы» қаулының ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2 2. «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;
2 2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. Изимоваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Қызылқоға ауданы
әкімдігінің 2025 жылғы «16»
шілдедегі № 121 қаулысына
қосымша
«Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2 2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3
3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – басқару органы) болып табылады.
4 4. Мемлекеттік мекемнің атауы: «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
5 5. Мемлекеттік мекемесінің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А. Құнанбаев көшесі, 32В үй, индекс: 060500.
2 2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
6 6. Мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
7 7. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
8 8. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай- ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
9 9. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
10 10. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері,олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3 3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
11
11. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мүмкіндігі шектеулі балалардың және жалғызгілікті/жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарды, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар) және тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету.
12 12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар деп қызмет алушыларды ұйымда тәуліктің күндізгі уақытында болуына арналған күндіз болу бөлімшелері, аумақтық және оңалту орталықтары, өзге де ұйымдар (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар) болып табылады.
13 13. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1
1) Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық ауруы бар ересек мүгедектерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға үйден арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;
2 2) осы Ережеде белгіленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
3 3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
4 4) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасау;
5 5) қызмет алушыларға осы Ережеге сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;
6 6) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу.
Мемлекеттік мекемеге ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
14 14. Мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле басқару органының не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
15 15. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
4 4. Мемлекеттік мекемені басқару
16 16. Мемлекеттік мекемені басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқару органы жүзеге асырады.
17 17. Басқару органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1 1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2 2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3 3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4 4) мемлекеттік мекеме ережесін бекітеді,оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5 5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын,құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін,мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды.
6 6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін анықтайды.
7 7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8 8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
9 9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға,мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметтінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
10 10) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;
11 11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
12 12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18 18. Мемлекеттік мекеме басшысын Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқару органымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19
19. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, басқару органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.