Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 17 июля 2023 года № 283-НҚ «Об утверждении Правил присуждения гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары»

Бұйрық · № 302-НҚ · қабылданған 11.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2023-no-283/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 17 июля 2023 года № 283-НҚ «Об утверждении Правил присуждения гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары» Қолданыста Бұйрық ·№ 302-НҚ ·11.07.2024
11.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 17 июля 2023 года № 283-НҚ «Об утверждении Правил присуждения гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары»

Қолданыста Бұйрық ·№ 302-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 17 июля 2023 года № 283-НҚ «Об утверждении Правил присуждения гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары»
Атауы (қаз.)
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
302-НҚ
Қабылданған күні
11.07.2024
Көрсетілген редакция
11.07.2024 198850_713024.kaz
Соңғы өзгеріс
11.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034757
ЭКБ идентификаторы
198850
Редакция идентификаторы
198850_713024
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:36

0 «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 283-НҚ бұйрығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 283-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33114 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 253) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 253) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі – грант) беру тәртібін айқындайды.»;
6-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;»;
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
5) «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Волонтерлік – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Грантты қайтадан беруге жол берілмейді. Конкурсқа үміткер бір бағыт бойынша 1 (бір) конкурстық өтінім береді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы аудио- және (немесе) бейнетіркеуді пайдалана отырып, ашықтық және айқындық қағидаттарында өткізіледі.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді қабылдайды және олардың осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкестігін қарайды.
Уәкілетті орган құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде конкурстық өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде үміткерге конкурстық өтінімді 1 (бір) реттен аспайтын мөлшерде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарламаны үміткердің конкурстық өтінімінде көрсетілген электрондық мекенжайына жібереді.
Конкурстық өтінім хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келтірілмеген кезде уәкілетті орган конкурстық өтінімді үміткерге қайтарады.
Конкурстық өтінімдерді уәкілетті орган конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) айдан аспайтын мерзімде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкестігін қарайды.
Осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келетін конкурстық өтінімдерді уәкілетті орган конкурстық өтінімдерді қарау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның қарауына жібереді.»;
22-тармақ алып тасталсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотты грант алушы грантты аудару үшін бөлек ашады.»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Грант жобасының бағыты (көрсетілген бағыттардың бірін таңдаңыз: «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа», «Волонтерлік»)».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы