Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 17 января 2023 года № 365 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Шалкарском районе»

Өзге акт · № 427 · қабылданған 28.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2023-no-365/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 17 января 2023 года № 365 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Шалкарском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 427 ·28.04.2025
28.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 17 января 2023 года № 365 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Шалкарском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 427 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 17 января 2023 года № 365 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Шалкарском районе»
Атауы (қаз.)
Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 365 «Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
427
Қабылданған күні
28.04.2025
Көрсетілген редакция
28.04.2025 I209811_0.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25CM870504
ЭКБ идентификаторы
209811
Редакция идентификаторы
I209811_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:47

0 Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 365 «Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 365 «Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8308 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша, қосымшасының тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «жұмсаған» сөзі «жұмсалған» сөзімен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшерінде:
қазақ тіліндегі 6 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі-портал) Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.», орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы