О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 17 февраля 2023 года № 38 «Об утверждении Правил распределения, расходования, мониторинга и отчетности средств Фонда поддержки инфраструктуры образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 17 февраля 2023 года № 38 «Об утверждении Правил распределения, расходования, мониторинга и отчетности средств Фонда поддержки инфраструктуры образования»
- Атауы (қаз.)
- «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 176
- Қабылданған күні
- 05.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2025 213166_769729.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036600
- ЭКБ идентификаторы
- 213166
- Редакция идентификаторы
- 213166_769729
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:56
0 «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу,
жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31915 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры (бұдан әрі – Қор) – орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру мақсатында ақша түсімдерін есепке жатқызу және жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – Қор шоты);»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
6-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларына (осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3, 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген орта білім беру объектілері бойынша) сәйкес құжаттарын;»;
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Уәкілетті орган Басым тізбе жобасының кейінгі қалыптастырыуын осы Тарауда белгіленген тәртіппен тоқсанына бір реттен артық емес жүзеге асырады.»;
24, 25 және 26-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«24. Қор қаражатын ЖАО шоттарынан пайдалануға байланысты төлемдерді жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығымен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларынының (бұдан әрі – № 272 Қағида) 6-тарауының 7-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
25. Қор шотын және ЖАО шоттарын жабу тәртібі № 272 Қағидалардың 4-тарауының 8-параграфы талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
26. Қор қаражатының жыл басындағы қалдықтары мемлекеттік бюджетке алып қоюға (аударуға) жатпайды.»;
31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«31. Уәкілетті орган ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде «Бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығында көзделген нысан бойынша Қор түсімдері мен шығыстары туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі