Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 17 октября 2023 года № 7/74 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Каракиянском районе»

Ереже · № 15/121 · қабылданған 30.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-2023-no-774-ekb-196445/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 17 октября 2023 года № 7/74 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Каракиянском районе» Қолданыста Ереже ·№ 15/121 ·30.04.2024
30.04.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 17 октября 2023 года № 7/74 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Каракиянском районе»

Қолданыста Ереже ·№ 15/121 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Каракиянского районного маслихата от 17 октября 2023 года № 7/74 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Каракиянском районе»
Атауы (қаз.)
Қарақия аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 7/74 «Қарақия ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15/121
Қабылданған күні
30.04.2024
Көрсетілген редакция
30.04.2024 196445_698193.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24MD471012
ЭКБ идентификаторы
196445
Редакция идентификаторы
196445_698193
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:43

0 Қарақия аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 7/74

«Қарақия ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Қарақия ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 7/74 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
орыс тіліндегі 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
5-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні:
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;»;
6-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар тұлғаларға (жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық; кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы; туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі; мүгедектік және (немесе) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы; әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы; әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау; баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар); бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы; пробация қызметінің есебінде болуы), жылына 1 рет – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Қолданыстағы