О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 17 ноября 2023 года № 8С 9/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 17 ноября 2023 года № 8С 9/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района»
- Атауы (қаз.)
- Атбасар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 8С 9/4 «Aтбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8С 30/2
- Қабылданған күні
- 08.07.2025
- Көрсетілген редакция
- 08.07.2025 212100_764748.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25BE08302M
- ЭКБ идентификаторы
- 212100
- Редакция идентификаторы
- 212100_764748
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:30
0 Атбасар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 8С 9/4 «Aтбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Aтбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 17 қарашадағы № 8С 9/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8650-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
12 «12. Әлеуметтік көмек өтініш бойынша, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарының біріне кірістері есепке алынбай көрсетіледі:
1 1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі үш айдан кешіктірмей бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшеріне дейін;
2 2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі үш айдан кешіктірмей бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке шекті мөлшеріне дейін;
3 3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер, бірінші типті қант диабеті) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4 4) амбулаториялық емдеудегі белсенді түрдегі туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 ай бойы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5 5) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
6 6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7
7) Қазақстан Республикасының колледждерінде күндізгі нысан бойынша ақылы негізде оқитын жиырма үш жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу орнынан анықтама негізінде жылына 1 рет оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде;
8
8) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 5, 6, 7 - баптарында және 8 баптың 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға төлем туралы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың және санаторийге, госпитальге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
9 9) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер үшін шығындарына ай сайын 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;
10 10) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
11 11) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына арыз талап етілместен, жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
12
12) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;