О внесении изменений в совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 17 апреля 2026 года № 141 и Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 30 апреля 2026 года № 233/НҚ «О реализации пилотного проекта по обеспечению отдельными техническими вспомогательными (компенсаторными) средствами, специальными средствами передвижения, предоставляемым лицам с инвалидностью на условиях безвозмездного п
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 17 апреля 2026 года № 141 и Заместителя Премьер-Министра – Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан от 30 апреля 2026 года № 233/НҚ «О реализации пилотного проекта по обеспечению отдельными техническими вспомогательными (компенсаторными) средствами, специальными средствами передвижения, предоставляемым лицам с инвалидностью на условиях безвозмездного п
- Атауы (қаз.)
- «Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 141 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуір
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 328
- Қабылданған күні
- 04.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2026 I229622_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26G0000328
- ЭКБ идентификаторы
- 229622
- Редакция идентификаторы
- I229622_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:00
0
«Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 141 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 233/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 141 бірлескен бұйрығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 233/НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жеке техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Алгоритмінде:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. ОТҚ жұмыс істеу кезеңінде осы Алгоритмге 1-қосымшаның 1-7 және 33-44-тармақтарында көрсетілген ОТҚ-ға жөндеу қызметтері көрсетіледі.
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жөндеу бойынша қызметтер осы Алгоритмнің 1-қосымшасында көзделген барлық ОТҚ бойынша көрсетіледі.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Осы Алгоритмге 1-қосымшаның 1-7 және 33-44-тармақтарында көрсетілген ОТҚ жөндеу кезінде ҰҒО мүгедектігі бар адамға ОТҚ жалға беру пунктінен береді.».
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Инклюзия департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтөбе облысының әкімі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарағанды облысының әкімі
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар облысының әкімі