Құжат мәтініне өту

Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы

Өзге акт · № 51 · қабылданған 08.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/17-ekb-49364/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 51 ·08.12.2009
06.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 51 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы
Атауы (қаз.)
Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
51
Қабылданған күні
08.12.2009
Көрсетілген редакция
06.12.2010 · қолданыстағы 49364_213446.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LC000146
ЭКБ идентификаторы
49364
Редакция идентификаторы
49364_213446
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:49

0 Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелерінде алғашқы әскери тіркеуді жүргізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабын және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабын басшылыққа ала отырып аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеу жұмыстарын жүргізіп, әскери қызметке дайындауды сапалы және ұйымшылдықпен өткізу мақсатында ШЕШЕМІН:

1 1. Аудан көлемінде тіркелетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуге алу жұмыстары 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.

2 2. Кент, ауылдық округ әкімдеріне, аудандағы мекеме басшыларына:

1 1) "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес шақыру пунктіне бөлінген азаматтарды өздерінің негізгі жұмыс орнындағы қызмет міндеттерінен орташа еңбек жалақыларын сақтай отырып босату;

2

2) Шақырылған азаматтардың Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне кент, ауылдық округ әкімдері әскери есеп столы мамандарымен, оқу орындарындағы әскери жетекшілерінің қадағалауымен ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету және шақырылған азаматтардың Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытылы келуі мақсатында арнайы көлік ұйымдастыру жұмыстары ұсынылсын.

3

3. Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімін алғашқы әскери тіркеу жұмыстары уақытында "Қызылорда электр жүйесін тарату компаниясы" АҚ-ның Арал аудандық филиалынан (А.Сұлтанов келісім бойынша) үздіксіз электр жарығымен, Арал аудандық телекоммуникация торабынан (Б.Еренов келісім бойынша) тұрақты телефон байланысымен қамтамасыз ету сұралсын.

4 4. Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қ.Аяпов) алғашқы әскери есепке тіркеуді ұйымдастыруға қоғамдық жұмыстарға өз еркімен келіскен азаматтарды бөлу тапсырылсын.

5 5. Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (М.Байсынов келісім бойынша) тіркеуге алу жұмысының қорытындысын, тіркеуді жүргізу жұмысы аяқталғаннан кейін 10 күн мерзім ішінде аудан әкіміне хабарлау сұралсын.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

"Келісілді"
"Қызылорда электр жүйесін тарату
компаниясы" АҚ-ның Арал аудандық
филиалының бастығы
_____________ А.Сұлтанов
"03" желтоқсан 2009 жыл
"Келісілді"
"Арал аудандық телекоммуникация
торабының директоры"
_____________Б.Еренов
"03" желтоқсан 2009 жыл
"Келісілді"
"Қызылорда облысы Арал аудандық
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
бастығы"
_____________М.Байсынов
"03" желтоқсан 2009 жыл

9 08 желтоқсан 2009 жылғы

N 51 шешімімен бекітілген
қосымша
Кезекті алғашқы әскери есепке тіркеу уақытында қоғамдық жұмыстарға бөлінетін жұмысшылар саны:
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен - 7 жұмысшы.
Аудандық білім бөлімінен - 1 қызметкер.

Қолданыстағы