О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 17.06.2002 года № 98 "Об утверждении Правил оказания помощи отдельным категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Петропавловска от 17.06.2002 года № 98 "Об утверждении Правил оказания помощи отдельным категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 17 маусымдағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" № 98 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 150
- Қабылданған күні
- 03.05.2003
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2010 AI15802_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03SA000940
- ЭКБ идентификаторы
- 15802
- Редакция идентификаторы
- AI15802_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:24
0 Петропавл қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 17 маусымдағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету Ережесін бекіту туралы" № 98 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" № 362-II Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң № 3 бұйрығына № 6 өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қаңтарда № 2119 нөмірмен тіркелген) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 6 қаңтардағы № 52 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отыра, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі № 3 бұйрығының негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қала әкімдігінің 2002 жылғы 17 маусымдағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы" (Әділет басқармасында 2002 жылғы 27 маусымдағы мемлекеттік тіркеу № 683; Петропавл қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі № 169 қаулысымен өзгерістер енгізілген, 2002 жылғы 5 шілдедегі "Добрый вечер" газеті, 2002 жылғы 1 қазандағы мемлекеттiк тiркеу № 726) № 98 қаулысына келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекітілген "Аз қамтамасыз етілген зейнеткерлерге қала көлігінде саяжай маусымында, 1 мамырдан 30 қыркүйекке дейін жүруге әлеуметтік көмек көрсету Ережелерi" № 1 қосымшада:
2-тармақтағы "5100" саны "7 айлық есептік көрсеткіштері" санымен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "6-2-105-60-00-332" функционалдық сыныптамасының коды "6-2-258-51-00-332" функционалдық сыныптамасының кодымен ауыстырылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.
Келісілдi:
Еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік
қорғау басқармасының бастығы
Н.Кушталова
2003 ж. 30 сәуір
Келісілдi:
Қалалық қаржы
басқармасының бастығы
Г.Дорофеева
2003 ж. 30 сәуір