О мерах по реализации Постановления Президента Республики Казахстан от 18 июля 1995 года № 2366 "О квоте иммиграции на 1995 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по реализации Постановления Президента Республики Казахстан от 18 июля 1995 года № 2366 "О квоте иммиграции на 1995 год"
- Атауы (қаз.)
- "1995 жылғы көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi № 2366 қаулысының жүзеге асырылуы жөнiндегi шаралары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 43
- Қабылданған күні
- 19.10.1995
- Көрсетілген редакция
- 19.10.1995 531_291983.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.10.1995
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V95U000003_
- ЭКБ идентификаторы
- 531
- Редакция идентификаторы
- 531_291983
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:30
0 "1995 жылғы көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi № 2366 қаулысының жүзеге асырылуы жөнiндегi шаралары туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 шiлдедегi N 2366 қаулысын орындау мақсатында:
1. Қала мен аудандарға көшiп келушiлердiң квотасының бөлiнуi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қала мен аудан әкiмдерi:
- көшiп келушiлердi қоныстандыруды орналастыруды, жайғастыруды ұйымдастыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын, көшiп келушiлердiң тұрғын үй салуына және шаруашылық қызметпен айналысуына жер учаскелерiн бөлсiн;
- босқын-репатрианттардың отбасыларына халықтың тиiстi санаттары үшiн Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тұрғын үй, отын, коммуналдың және басқа да қызметтерге ақы төлеу жөнiнде жеңiлдiктер қолдану қарастырылсын.
3. Облыстық денсаулық сақтау департаментiне /Момынов/, көшiп келушiлердi мiндеттi түрде дәрiгерлiк байқаудан өткiзудi, қажеттi дәрiгерлiк көмек көрсетудi және территориялық емдеу мақсатында профилактикалық мекемелерге бекiтудi қамтамасыз етсiн.
4. Облыстық жұмыспен қамту орталығы - еңбек биржасына /Қуанышбеков/ көшiп келушiлердi жұмыспен тиiмдi қамту мақсатында жұмысқа жарамды отбасы мүшелерiн дайындау, қайта дайындау, мамандықтарын арттыру шаралары қабылдансын.
5. Облыстық еңбек Бас басқармасына /Өтемiсов/: көшiп келу мәселелерiн үйлестiру жұмыстарын және осы шешiмнiң орындалуы туралы әр тоқсан сайын облыс әкiмшiлiгiне ақпар берiлiп тұруын қамтамасыз етсiн.
6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Н. Әшiмовқа жүктелсiн.
7 Қ О С Ы М Ш А
Шет елдерден көшiп келудiң 1995 жылға
арналған квотасы
/отбасы/
------------------------------------------------------------------------
NN!Көшiп келушiлер!Тәжiкстан!Түрiкменс-!Түрiк !Өзбекстан !Барлығы
!жiберiлетiн !Республи-!таннан !Респуб-!Республикасы!
!аудандар мен !касынан ! !ликасы !нан !
!қалалар ! ! !нан ! !
------------------------------------------------------------------------
1. Арыс - 20 - - 20
2. Жетiсай 20 - - 40 60
3. Кентау - - - 1 1
4. Келес 25 - - 100 125
5. Киров 25 - - - 25
6. Қазығұрт - - 12
7. Мақтаарал 34
8. Ордабасы 20 - - - 20
9. Сарыағаш 40 60 10 200 310
10.Сайрам - 40
11.Түлкiбас 20 20
12.Төлеби 4 4
13.Түркiстан - - 10 - 10
14.Шардара - - - 14 14
15.Шымкент 20 - - 10 30
Барлығы: 150 80 20 500 750