О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о внесении изменений в Договор между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Сары-Шаган от 18 октября 1996 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Протокола между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о внесении изменений в Договор между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Сары-Шаган от 18 октября 1996 года
- Атауы (қаз.)
- 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 463-V
- Қабылданған күні
- 29.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.02.2016 AI99676_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z1600000463
- ЭКБ идентификаторы
- 99676
- Редакция идентификаторы
- AI99676_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:13
0 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы
1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 19-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1 1-бап
Шарттың 4-бабының бірінші абзацындағы «2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 18,932 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды» деген сөздер «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 16,276 млн. АҚШ долларына баламалы соманы құрайды» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2-бап
Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар өзара консультациялар және келіссөздер арқылы шешеді.
Тараптардың бірінде бірлесіп шешуді талап ететін мәселелер туындаған кезде көрсетілген Тарап келіссөздер басталғанға дейін 30 күннен кешіктірмей бұл туралы басқа Тарапты жазбаша хабардар етеді.
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2015 жылғы 16 сәуірде Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.