О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 1996 года N 1285
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 1996 года N 1285
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 1285 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 25.04.2006
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2011 AI27376_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000323_
- ЭКБ идентификаторы
- 27376
- Редакция идентификаторы
- AI27376_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:31
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 1285 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. "Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 1285 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 42, 403-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
тақырыбындағы "жүргiзудiң тәртiбi туралы ереженi" деген сөздер "жүргiзу ережесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", Заң күшi бар Жарлығын" деген сөздер "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтiндегi "жүргiзудiң тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереженi", "Зиянды" деген сөздер тиiсiнше "жүргiзу ережесi", "Қоса берiлiп отырған Зиянды" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзудiң тәртiбi туралы ережеде:
тақырыбындағы "тәртiбi туралы ереже" деген сөздер "жүргiзу ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгерiссiз қалдырылсын;
мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдары", "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдарына", "Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдарында" деген сөздер тиiсiнше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган", "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органда", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "қоршаған табиғи ортаны" деген сөздер "қоршаған ортаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылған ағын суды жер қойнауына көмудiң мемлекеттiк кадастры көмiлген заттар мен ағызылған сулардың сандық және сапалық көрсеткiштерiн, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнайы инженерлiк-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларын көрсете отырып, олардың типi мен түрiн сипаттайтын мәлiметтердi және мыналарды қамтиды:
1) зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көметiн объектiлердiң және ағын суды көметiн орындардың жалпы сипаттамасын: орналасқан жерiн, пайдалану кезеңiн, ұстауға жұмсалатын шығындарды, қоршаған орта және жер қойнауы мониторингiнiң қадағалау желiсiнiң болуын және орналасуын;
2) зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көметiн объектiлердiң және ағын суды көметiн орындардың физикалық сипаттамасын:
оқшаулау сипаттамасын, тау жыныстарының типiн, жатқан тереңдiгiн және коллекторлы қабаттың тиiмдi қуатын, оның алаңын, ұсақ тесiктiлiк коэффициентiн, төсенiш және жабылғыш сутiректiң сипаттамасын, жер асты суларының табиғи ағынының жылдамдығын, көмудi сақтауды және басқа сапалық және сандық көрсеткiштерiн;
3) зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың, ағын судың сипаттамасын: өнiмнiң атауын, технологиялық өндiрiс немесе нәтижесiнде өнiм пайда болатын процесс, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамы, улы құрауыштарды сақтау, өрт-жарылыс қауiптiлiгi, ерiгiштiгi, сақтауда басқа заттармен үйлесiмдiлiгi, негiзгi ластаушы радионуклидтер, олардың белсендiлiгi және басқа сипаттамалар), тасымалдау жүйесiнiң сипаттамасын.";
7-тармақта мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгерiссiз қалдырылсын;
9-тармақ алынып тасталсын.