Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 1996 года № 1288

Қаулы · № 968 · қабылданған 29.09.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-1996-no-1288/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 1996 года № 1288 Күшін жойған Қаулы ·№ 968 ·29.09.2005
08.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 1996 года № 1288

Күшін жойған Қаулы ·№ 968 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 октября 1996 года № 1288
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
968
Қабылданған күні
29.09.2005
Көрсетілген редакция
08.02.2011 AI25371_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000968_
ЭКБ идентификаторы
25371
Редакция идентификаторы
AI25371_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:21

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. "Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 43, 411-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

тақырыбындағы "туралы ереженi" деген сөздер "ережесiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күші бар Жарлығын " деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңын " деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "туралы Ереже" деген сөздер "epeжeci" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттiк сараптау туралы ережеде:
мәтiндегi "Бекiтiлген" деген сөздiң мемлекеттік тілдегi нұсқасы өзгерiссiз қалады;
тақырыбындағы "туралы ереже" деген сөздер "epeжecі" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жер қойнауын мемлекеттік сараптауды Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі - ҚМК) жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3-тармақтармен толықтырылсын:
"9-1. Жер қойнауын пайдалануға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға жер қойнауын геологиялық зерделеу және игеру бойынша орындалған жұмыстар туралы материалдарды есеп нысанында ҚМК-ның қарауына ұсынады.
9-2. Сараптама тәуелсiз сарапшылар мен сарапшы топтар тартыла отырып, материалдар ҚМК-ға ұсынылған сәттен бастап үш айға дейiнгi мерзiмде жүргiзіледi.
9-3. Егер ҚМК терiс қорытынды берген жағдайда жер қойнауын пайдаланушының ҚМК-нің хаттамасында жазылған ескертулер мен ұсынымдарды ескере отырып, оларды қайта өңдеу шартымен, материалдарды қайталама сараптамаға беруге құқығы бap.";
11-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау" деген сөздер "геология және жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы "немесе ПҚАК" деген сөздер алынып тасталсын, "қорларды санаттар бойынша бөлу," деген сөздерден кейiн "қатты пайдалы қазбалардың көлемi мен оны тәжiрибелiк пайдалану мерзiмi" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

Қолданыстағы