Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об особенностях правового регулирования деятельности предприятий, учреждений и организаций железнодорожного транспорта от 18 октября 1996 года

Заң · № 71-VI · қабылданған 13.06.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-1996/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об особенностях правового регулирования деятельности предприятий, учреждений и организаций железнодорожного транспорта от 18 октября 1996 года Қолданыста Заң ·№ 71-VI ·13.06.2017
13.06.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об особенностях правового регулирования деятельности предприятий, учреждений и организаций железнодорожного транспорта от 18 октября 1996 года

Қолданыста Заң ·№ 71-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об особенностях правового регулирования деятельности предприятий, учреждений и организаций железнодорожного транспорта от 18 октября 1996 года
Атауы (қаз.)
1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
71-VI
Қабылданған күні
13.06.2017
Көрсетілген редакция
13.06.2017 112735_267593.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z1700000071
ЭКБ идентификаторы
112735
Редакция идентификаторы
112735_267593
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:48

0 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2016 жылғы 4 қазанда Астанада жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттаманың жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімнің 11-бабына сәйкес
төмендегілер туралы келісті:

1 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 9-1-баптың бірінші абзацындағы "кедендік ресімдеу, кедендік және шекаралық бақылау" деген сөздер "шекаралық бақылау" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 9-3, 9-4 және 9-5-баптармен толықтырылсын:
Ресей теміржолдарының құрамына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкі Ресей Федерациясының меншігі болып табылатын учаскелердегі станцияларды ашу және жабу, сондай-ақ Ресей Федерациясына тиесілі және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан теміржол көлігі инфрақұрылымына ортақ пайдаланылмайтын теміржол жолдарының жалғасуы Ресей Федерациясының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан теміржолдарының құрамына кіретін, Ресей Федерациясының аумағында орналасқан, мүлкі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын учаскелердегі станцияларды ашу және жабу, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесілі және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан теміржол көлігі инфрақұрылымына ортақ пайдаланылмайтын теміржол жолдарының жалғасуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан шығып, Ресей Федерациясының аумағы арқылы Ресей Федерациясының аумағында аялдамай Қазақстан Республикасына транзитпен келетін жолаушылар және жүк поездарының, сол сияқты Ресей Федерациясының аумағынан шығып Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қазақстан Республикасының аумағында аялдамай Ресей Федерациясына транзитпен келетін жолаушылар және жүк поездарының мемлекеттік шекара арқылы өтуі шекаралық бақылауды қоса бақылау рәсімдері жүргізілмей жүзеге асырылады.
Транзитпен өтетін жолаушылар немесе жүк поездары аялдаған жағдайда, шекаралық және өзге де бақылау түрлері тек кіретін және (немесе) шығатын тұлғаларға ғана қатысты жүзеге асырылады.
Тараптар мемлекеттерінің шекара маңы субъектілері (Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары, Ресей Федерациясында - Ресей Федерациясы субъектілерінің атқарушы билік органдары) Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін Тараптардың теміржолдарында қолданыстағы шарттарды ескере отырып:
шығыстары Тараптар мемлекеттерінің тиісті шекара маңы субъектілерінің бюджеті есебінен субсидиялауға жататын теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша конкурс өткізу қағидаларын;
теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау қағидаларын;
теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылар шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді.".

2 Осы Хаттама ратификациялауға жатады және ратификациялау грамоталарын алмасқан күннен бастап күшіне енеді.

2016 жылғы 4 қазанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей. Осы Хаттаманы түсіндіру мақсаттары үшін келіспеушіліктер туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтін пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін

Қолданыстағы