Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реализации распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 июня 1998 года № 115-р

Өзге акт · № 1-449р · қабылданған 09.09.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-1998-no-115/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О реализации распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 июня 1998 года № 115-р Күшін жойған 09.09.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О реализации распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 июня 1998 года № 115-р

Күшін жойған Өзге акт № 1-449р 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации распоряжения Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 июня 1998 года № 115-р
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 18 маусымдағы № 115-р өкімін жүзеге асыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-449р
Қабылданған күні
09.09.1998
Көрсетілген редакция
09.09.1998 2465_259290.kaz
Соңғы өзгеріс
09.09.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000089
ЭКБ идентификаторы
2465
Редакция идентификаторы
2465_259290
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:33
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 18 маусымдағы № 115-р өкімін жүзеге асыру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
Контрабандалық тауарларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге мемлекеттiк бақылауды күшейту және оларды болдырмау жөнiнде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1998 жылғы 18 маусымдағы № 115-р өкiмiн жүзеге асыру мақсатында:

1. Жоғарыда аталған өкiмдi орындау жөнiндегi жоспар-шара қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

2. Шекарамен шектес аумақтағы қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыстық кеден басқармасымен және облыстық iшкi iстер басқармасымен бiрге контрабандалық тауарларды Шығыс Қазақстан облысына әкелу және Шығыс Қазақстан облысынан әкету каналдарын анықтау жөнiнде жоспар-шара әзiрлесiн, жанар-жағар май материалдарын әкелу мен әкетуге ерекше көңiл бөлсiн.

3. Облыстық салық комитетi (Аханаев О.К.), облыстық көлiк инспекциясының бөлiмi (Қалиев С-М.Н.), облыс бойынша салық полициясы комитетiнiң бас басқармасы (Сарбаев А.К.), санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың мемлекеттiк қызметi (Якупов В.С.), "Стандарттау, метрология және сертификациялау орталығының" облыстық мемлекеттiк кәсiпорны (Мешiнбаев Е.С.) және Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитет (Феофанова А.С.) халық тұтынатын тауарлар мен жанар-жағар май материалдарын өткiзумен шұғылданушы ұйымдардың iс-қимылдарына және оларды рұқсат ететiн құжатсыз өткiзудi болдырмау жөнiнде заңда көзделген бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

4. Шығыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы (Лұқпанов Т.М.), облыстық кеден басқармасы (Тiлемiсов Н.Х.) және облыстық көлiк инспекциясының бөлiмi (Қалиев С-М.Н.) қажеттiлiгiне қарай жасалған оперативтi-iздестiру шараларына сәйкес "Рубеж" жүйесiнiң бақылау постыларында тексерулер ұйымдастырсын.

5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.

6 Контрабандалық тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету маршруттарын анықтау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiн орындау жөнiндегi

Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы
10 қыркүйек № 1-449ө
өкiмiне № 1 қосымша
Контрабандалық тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету маршруттарын анықтау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiн орындау жөнiндегi
ЖОСПАР-ШАРА
Облыс әкiмi аппаратының басшысы
Т. Ибраев