Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"

Қаулы · № 166 · қабылданған 29.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2002-no-486-ekb-42751/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 166 ·29.10.2008
27.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 166 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
166
Қабылданған күні
29.10.2008
Көрсетілген редакция
27.07.2012 AI42751_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005402_
ЭКБ идентификаторы
42751
Редакция идентификаторы
AI42751_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:41

0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қаржы ұйымдардың есептілікті беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2124 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 162 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2384 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 116 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту жөніндегі" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 55 бірлескен қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2854 тіркелген, 2004 жылғы 29 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде N 138 (23774) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3706 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 415 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3988 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), Агенттік Басқармасының " Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 173 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4848 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде N 135 (1164) санында жарияланған) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесінде:
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
"4-2. Акционерлік қоғамнан басқа ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар есептік тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде әр тоқсан сайын уәкілетті органға осы Ереженің 3-тармағының үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарында белгіленген тәртіпте қағаз тасымалдағышта осы Ереженің 4-2-қосымшасына сәйкес мына тұлғалар туралы мәліметтерді береді:
1) қатысушылар;
2) қатысушы не бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, ұлы, қызы), некеде тұрған, сондай-ақ жекжаттары болатын (ерінің (зайыбының) аға-інісі, апа-сіңлісі, ата-анасы, ұлы немесе қызы) жеке тұлғалар;
3) атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшелері;
4) осы тармақтың 1), 5)-9) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның атқарушы органының, басқару органының, бақылау кеңесінің мүшелері;
5) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлғамен бақыланатын заңды тұлғалар;
6) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның қатысушысы не атқарушы органының, бақылау кеңесінің мүшесі болып табылатын тұлға оған қатысты ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғалар,
7) оларға қатысты бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым ірі акционер не мүлігінде он және одан астам пайыз мөлшеріндегі үлеске құқығы бар болатын заңды тұлғалар,
8) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйыммен бірлесіп үшінші тұлғаның бақылауындағы заңды тұлғалар;
9) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйыммен шартпен байланысты тұлғалар туралы, шартқа сәйкес олар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқықтары бар .";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 4-2-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1 1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.

4 4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ө.Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

8 Қазақстан Республикасы Қаржы

нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 2008
жылғы 29 қазандағы N 166
қаулысына қосымша
"Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар рыногында
брокерлік және дилерлік
қызметті жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың
есеп беру ережесіне
4-2-қосымша
Же­ке тұ­лға­лар
N
Те­гі Аты Әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Ту­ған кү­ні (кү­ні /айы/жы­лы)
Ті­зім­ге қо­су үшін негіз­де­ме
Ті­зім­ге қо­су үшін негіз­де­ме­нің пай­да болған кү­ні (кү­ні /айы/жы­лы)
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
6
Заң­ды тұ­лға­лар
N
Заң­ды тұл­ға­ның то­лық ата­уы
Заң­ды тұл­ға­ның мем­ле­кет­тік тір­кеу кү­ні мен нө­мі­рі, заң­ды тұл­ға­ның поч­та­лық ад­ре­сі және нақ­ты ор­на­лас­қан ор­ны
Ті­зім­ге қо­су үшін негіз­де­ме
Ті­зім­ге қо­су үшін негіз­де­ме­нің пай­да болған кү­ні(кү­ні /айы/жы­лы)
Ес­кер­ту
1
2
3
4
5
6
"Тізімге қосу үшін негіздеме" деген бағанда осы Ереженің 4-2-тармағының тиісті тармақшасына сілтеме көрсетіледі.
Басшы
(есепке қол қоюға уәкілеттігі бар тұлға) [қолы] Тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға уәкілеттігі бар тұлға) [қолы] Тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
мөр орны
Орындаушы [қолы, телефон нөмірі] Тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса)".

Қолданыстағы