Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"

Қаулы · № 6 · қабылданған 26.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/18-2002-no-486-ekb-44483/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан" Күшін жойған Қаулы ·№ 6 ·26.01.2009
27.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"

Күшін жойған Қаулы ·№ 6 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 декабря 2002 года № 486 "Об утверждении Правил представления отчетов организациями, обладающими лицензиями на осуществление брокерской и дилерской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6
Қабылданған күні
26.01.2009
Көрсетілген редакция
27.07.2012 AI44483_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005569_
ЭКБ идентификаторы
44483
Редакция идентификаторы
AI44483_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:57

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қаржы ұйымдардың есептілікті беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі -Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2124 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 162 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2384 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 116 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту жөніндегі" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 55 бірлескен қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2854 тіркелген, 2004 жылғы 29 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде N 138 (23774) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3706 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 415 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3988 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 173 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4848 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде N 135 (1164) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 166 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5402 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесінде:
1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы "2-4" деген цифрлар "1-5" деген цифрлармен ауыстырылсын;
4-2-тармақта:
9) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның жарғылық капиталында қатысу үлесінің он және одан астам пайызына иелік ететін қатысушылармен шартпен байланысты тұлғалар туралы, шартқа сәйкес олар бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның қызметіне қатысты осы қатысушы қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқықтары бар.";
1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

4 4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

1 _____________ _____________ дейінгі кезең ішінде бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 26
қаңтардағы N 6 қаулысына
1-қосымша
"Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және дилерлік
қызметті жүзеге асыруға
лицензиясы бар ұйымдардың есеп
беру ережесінің
1-қосымшасы
_____________ _____________ дейінгі кезең ішінде бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым туралы мәліметтер
(брокердің және дилердің атауы)
1
Ор­на­лас­қан ор­ны (тір­кел­ген)
2
Ор­на­лас­қан ор­ны (нақ­ты)
3
Бай­ла­ныс құ­рал­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (те­ле­фон, факс, элек­трон­ды поч­та, Ин­тер­нет то­ра­бын­да­ғы сайт­тың ад­ре­сі):
4
Ұй­ым­ның ак­ци­я­ла­ры­мен (жар­ғы ка­пи­та­лын­да қа­ты­су үле­сі­мен) ие­лік ете­тін тұ­лға­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер:
1) ре­зи­дент­тер:
заң­ды тұл­ға үшін:
заң­ды тұл­ға­ның ата­уы;
заң­ды тұл­ға­ның мем­ле­кет­тік (қай­та) тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер;
са­лық тө­ле­у­ші­нің тір­кеу нө­мі­рі;
заң­ды тұл­ға­ға ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар­дың са­ны ұй­ым­ның ор­на­ла­сты­ры­л­ған ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се ұй­ым­ның жар­ғы­лық  ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне (пай­ы­з­бен) ара­қа­ты­на­сы;
же­ке тұл­ға үшін:
те­гі, аты, бар бол­са әке­сі­нің аты;
ту­ған кү­ні;
же­ке тұл­ға­ға ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар­дың са­ны ұй­ым­ның ор­на­ла­сты­ры­л­ған ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се ұй­ым­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне (пай­ы­з­бен) ара­қа­ты­на­сы;
2) ре­зи­дент еме­стер:
заң­ды тұл­ға үшін:
заң­ды тұл­ға­ның ата­уы;
заң­ды тұл­ға­ның тір­кел­ген және ор­на­лас­қан ор­ны;
заң­ды тұл­ға­ға ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар­дың са­ны     ұй­ым­ның ор­на­ла­сты­ры­л­ған ак­ци­я­ла­ры­ның
жал­пы са­ны­на неме­се ұй­ым­ның жар­ғы­лық  ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне (пай­ы­з­бен) ара­қа­ты­на­сы;
же­ке тұл­ға үшін:
те­гі, аты, бар бол­са әке­сі­нің аты;
аза­мат­тық;
тұр­ғы­лық­ты ме­ке­ні;
же­ке тұл­ға­ға ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар­дың са­ны ұй­ым­ның ор­на­ла­сты­ры­л­ған ак­ци­я­ла­ры­ның жал­пы са­ны­на неме­се ұй­ым­ның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сіне (пай­ы­з­бен) ара­қа­ты­на­сы
5
Ұй­ым ак­ци­я­ның жиыр­ма бес және одан астам пай­ы­зы­на ие­лік ете­тін (жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да қа­ты­су үле­сіне) ак­ци­о­нер (қа­ты­су­шы) бо­лып та­бы­ла­тын заң­ды тұ­лға­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
6
Ұй­ым­ның бас­шы қыз­мет­кер­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (те­гі, аты, бар бол­са әке­сі­нің аты, ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы, жұ­мысқа қа­был­дан­ған кү­ні, уәкі­лет­ті ор­ган­мен бас­шы қыз­мет­кер­ді ке­лі­сі­лу кү­ні)
7
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар на­ры­ғын­да бро­кер­лік және ди­лер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға қа­ты­са­тын қыз­мет­кер­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (те­гі, аты, бар бол­са әке­сі­нің аты, ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы, жұ­мысқа қа­был­дан­ған кү­ні)
8
Кли­ент­тер­мен жа­сал­ған бро­кер­лік қыз­мет­ті көр­се­ту жө­нін­де шар­ттар­дың са­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер:
бро­кер­лік шар­ттар­дың са­ны;
ең тө­мен­гі ұстау бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту­дің шар­тын мен тәр­ті­бін қо­са бро­кер­лік шар­ттар­дың са­ны
Басшы
(есепке қол қоюға
уәкілетті тұлға)    (қолы)   Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға
уәкілетті тұлға)    (қолы)   Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
мөрдің орны
Орындаушы     (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты (болған
                                                       кезде)"

2 ___________ ____________ дейінгі кезең ішінде бағалы қағаздардың халықаралық нарығында жасалған, бағалы қағаздармен болатын мәмілелер туралы есеп

Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2009 жылғы 26
қаңтардағы N 6 қаулысына
2-қосымша
"Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар нарығында брокерлік және
дилерлік қызметті жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесінің
5-қосымшасы
___________ ____________ дейінгі кезең ішінде бағалы қағаздардың халықаралық нарығында жасалған, бағалы қағаздармен болатын мәмілелер туралы есеп
(бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік
қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы)
N
Мәмі­ле­нің жа­сал­ған кү­ні
Мәмі­ле жа­са­ла­тын мем­ле­кет
Мәмі­ле­нің тү­рі
На­рық
Ше­тел бро­ке­рі­мен жа­сал­ған шар­ттың кү­ні және нө­мі­рі
Ше­тел бро­ке­рі­нің ата­уы
Ка­сто­ди­ан-бан­кі­нің ата­уы
Жиын­тығы
кестенің жалғасы
Ба­ға­лы қа­ға­з­дың бі­ре­гей­лен­ді­ру нө­мі­рі
Эми­тент­тің ата­уы
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды шы­ға­ру тір­кел­ген заң­на­ма­мен сәй­кес мем­ле­кет
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­ны (да­на)
Бір ба­ға­лы қа­ға­з­дың ба­ға­сы
Мәмі­ле­нің кө­ле­мі
Ес­кер­ту
ше­тел ва­лю­та­сын­да
тең­ге­мен
ше­тел ва­лю­та­сын­да тең­ге­мен
Басшы
(есепке қол қоюға  (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға  (қолы)    Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
уәкілетті тұлға)
мөр орны
Орындаушы          (қолы, телефон нөмірі)  Тегі, аты, әкесінің аты
                                              (болған кезде)"

Қолданыстағы