О внесении изменения в приказ Председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 18 марта 2003 года № 18-п
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 18 марта 2003 года № 18-п
- Атауы (қаз.)
- 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 54-п
- Қабылданған күні
- 20.07.2006
- Көрсетілген редакция
- 01.06.2012 AI29142_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004330_
- ЭКБ идентификаторы
- 29142
- Редакция идентификаторы
- AI29142_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:05
0 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
"Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15 және 19-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының "Инвестициялар мемлекеттiк қолдауының кейбiр мәселелерi туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2222 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 23-24, 850-бап) 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1 қосымша берілген редакцияға сәйкес жазылсын.
2 2. Осы бұйрық оны бірінші ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Инвестициялық преференцияларды алуға арналған өтінім
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетi төрағасының
2006 жылғы 20 шілдедегі
N 54-п бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетi төрағасының
2003 жылғы 18 наурыздағы
N 18-п бұйрығымен
бекітілген 1-қосымша
Инвестициялық преференцияларды алуға арналған өтінім
1. Инвестор туралы мәлiметтер
1
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы
2
Заңды тұлғаны алғашқы мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі
3
Заңды тұлға қайта тіркеуден өтті ме, айда (күні) және қандай негіздермен
4
Пошталық мекен-жайы (заңды мекен-жайы, нақты орналасқан жерi) Банктiк реквизиттерi
5
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бiрiншi басшысы
_______________________
(Аты-жөні)
_______________________
(телефон, факс және
электрондық поштасы)
6
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтері
_______________________
(Аты-жөні)
_______________________
(телефон, факс және
электрондық поштасы)
7
Инвестициялық жоба менеджерi
_______________________
(Аты-жөні)
_______________________
(телефон, факс және
электрондық поштасы)
2. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер
1
Инвестициялық жобаның атауы
2
Жобаны iске асыру орны
3
Инвестициялау үшiн таңдалған қызметтiң басым түрi (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы топтастырғыш бойынша 4 белгiсi бар код көрсетiлсiн)
4
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерге инвестициялардың көлемi
5
Жобаны қаржыландыру көздері (меншік және/немесе заемдық қаражаттар)
3. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті инвестициялық преференциялар
1
корпоративтiк табыс салығы бойынша босату/шегеру*
_________________________
(мерзімі)
2
мүлiкке салық бойынша босату
_________________________
(мерзімі)
3
Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қолданылатын жер участкесіне қатысты жер салығы бойынша босату
_________________________
(мерзімі)
4
кедендiк баж төлеуден босату
_________________________
(жеңілдік сома, теңгеде)
5
мемлекеттiк заттай грант
_________________________
(не түрінде)
__________________________
* керек еместі сызып тастау
4
4. Өтiнiм сараптамасын ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ келiсiм-шартты дайындаған кезде инвестор Қазақстан Республикасы индустрия мен сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетiне жан-жақты қолдау және жәрдем көрсетедi, сондай-ақ барлық қажеттi ақпаратты ұсынады. Өтiнiм берушi инвестор өтiнiм және өтiнiм мен қоса берiлген құжаттарда көрсетiлген ақпараттың дәлдiгiне кепiлдiк бередi.
5 5. Өтінімге қосымшалар:
1 1) Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасының жобасы (Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысымен бекiтiлген Модельдік келісім-шартқа 1 Қосымшаға сай);
2 2) кеден баждарын салудан босатылатын импортталатын жабдық пен оның жиынтықтауыштарының тiзiмi және көлемi (Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысымен бекiтiлген Модельдік келісім-шартқа 2 Қосымшаға сай).
6 6. Қоса берiлiп отырған құжаттардың тiзбесi:
1 1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
2 2) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
3 3) заңды тұлға жарғысының нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
4 4) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
5 5) жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi сатып алуға арналған шығындарды негiздейтiн құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi;
6 6) инвестициялық жобаны қаржыландырудың көздерi мен кепiлдiктерiн белгiлейтiн, құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi (инвестициялық жобаны өз қаражаты есебiнен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi);
7 7) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар;
8 8) өтiнiм берiлген тоқсанның алғашқы күнiне арналған бухгалтерлiк баланс;
9 9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары.
____________________________ ____________________
(Қазақстан Республикасы заңды (қолы, мөрі және күні)
тұлғасының бiрiншi басшысының
аты-жөні)