О внесении дополнений и изменений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 августа 2004 года N 630 "Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по эпидемиологии и гигиене питания"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 августа 2004 года N 630 "Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм по эпидемиологии и гигиене питания"
- Атауы (қаз.)
- "Эпидемиология және тағам гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 630 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 314
- Қабылданған күні
- 30.05.2008
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2010 AI40771_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005257_
- ЭКБ идентификаторы
- 40771
- Редакция идентификаторы
- AI40771_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:23
0 "Эпидемиология және тағам гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 630 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Эпидемиология және тағам гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 630 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 3075 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сыра мен алкогольсiз сусындарды өндiру жөнiндегi объектiлерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) шағын өндіріс объектісі - қуаттылығы тәулігіне 10000 литрден аспайтын сыра және алкогольсіз сусындарды өндіретін объект;";
5-тармақта:
екінші сөйлем мынадай сөздермен толықтырылсын:
"шағын өндіріс объектісінен басқасы.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шағын кәсіпкерлік объектілерін бос ғимараттарда және әкімшілік ғимараттарында орналасқан, тиісті алаңдары сәйкес келген жағдайда сыра барларында, кафелерінде, мейрамханаларда орналастыруға рұқсат етіледі.";
6-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: ", шағын өндіріс объектілерінен басқасы.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шағын өндіріс объектісінің шаруашылық мақсаттағы үй-жайлары (қоймалары, жөндеу шеберханалары, қазандығы, гаражы, медициналық пункті) шағын өндіріс субъектісі белгілеген өндірістік қажеттілігіне байланысты анықталады және оның аумағында орналастырылады.";
12-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шаруашылық аймағының жолдары мен өтетін жерлері қатты жабындармен жабылуы тиіс.";
15-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "күніне" деген сөз "аптасына" деген сөзбен ауыстырылсын;
33-тармақтың екінші сөйлеміндегі "салқындатылатын" деген сөз алынып тасталсын;
62-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын:
"шағын өндіріс объектісінен басқасы. Қойма қызметкерлері объект үшін ортақ санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды, оның ішінде жылуды пайдаланады.";
66-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:
"Шағын өндіріс объектісінің өндірістік үй-жайларының жиынтығы өндіріс процесін реттейтін бойынша нормативтік-техникалық құжаттамамен айқындалады.";
122-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"Алкогольсіз сусындар өндірісіне концентраттар қолданылған жағдайда, шағын өндіріс объектісінде купаждау және құю цехтардың бөлмелерін бірлесіп қолдануға рұқсат етіледі.";
128-тармақта:
"жеке үй-жайларда" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Объектінің жұмысы маусымдық сипатта болған жағдайда уыт пен дайын өнімдер пісіп жетілдіру мақсатында оларды ашық алаңда саңылаусыз тағамдық изотермиялы сыйымдылықтарда сақтауға жол беріледі.";
152-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Аталған тармақтың талаптары шағын өндіріс объектілеріне қолданылмайды.";
161-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Квасты өндіру, сақтау және тасымалдауға арналған сыйымдылықтардың люктері жұмысшы құрамының қол щеткаларымен іш жағына ішкі беттерін шаю мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.";
181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Зарарсыздандыруды объектінің оқыған қызметкері жүргізеді. Объектіге дезинсекция мен дератизацияны зарарсыздандыру жұмыстарымен айналысатын ұйымдар жүргізеді.".