О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 марта 2004 года № 122-І "Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа железнодорожным транспортом Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 18 марта 2004 года № 122-І "Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа железнодорожным транспортом Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 337
- Қабылданған күні
- 29.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2011 AI47567_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005758_
- ЭКБ идентификаторы
- 47567
- Редакция идентификаторы
- AI47567_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:38
0 "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушылар, жүк және жүк багажы тасымалдарын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу N 2810 тізілімінде тіркелген) "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3664 тіркелген, 2005 жылғы 15 желтоқсанда N 235-236 "Заң газетінде" және 2005 жылғы 15 желтоқсанда N 171-172 "Заң" газетінде жарияланған) және "Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы N 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушысының 2006 жылғы 21 ақпандағы N 54 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу N 4125 тізілімінде тіркелген, 2006 жылғы 7 сәуірде N 61-62 (1041-1042) "Заң газетінде" және 2006 жылғы 8 шілдеде N 28 (290) "Ресми газетте" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесінде:
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"91. Қызмет көрсету құны "жайлылығы өте жоғары" вагондардың жол жүру құнына кіретін жолаушыларға көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну тәртібін тасымалдаушы бекітеді.
Жол жүру барысында бір бағытта жиырма және одан көп сағат болатын және құрамында кемінде төрт купелік вагон қатынайтын, сондай-ақ астананы республикалық маңызы бар қаламен жалғастыратын фирмалық жолаушылар поездарының, халықаралық және облысаралық қатынастағы поездардың құрамына кемінде бір вагон-мейрамхана қосылады.
Тасымалдаушы уәкілетті органмен келісім бойынша жолаушылар поездарының құрамынан вагон-мейрамханаларды алып тастайды.
Тасымалдаушы жолаушылар поездарында тамақтану қызметтерін көрсетудің тәртібі мен шарттарын "Жолаушылар поезының вагон-мейрамханасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2987 тіркелген) талаптарына сәйкес белгілейді.
Жолаушылар тасымалдаушы жүк болған жағдайда поездың құрамына жүк вагонын қосады.".